Сембекова Еркегүл Мұздыбек қызы

Сембекова Еркегүл Мұздыбекқызы - 1996 жылы 23 ақпанда Қарағанды облысы, Жанаарқа ауданы, Ақтау ауылында дүниеге келген.

Қарағанды Гуманитарлық колледжінің 3-курс студенті. «Жыр-Жауһар» поэзия клубының мүшесі, «Құрбылар» поэзия клубының төрайымы.

Ғайып болған сезім

Есімде бақытты кездерім,

Жүруші ек аралап бақтарды.

Жүректе сақталды сөздерің,

Өткіздік тамаша шақтарды.

 

Бақытты болғанда-й екеуміз,

Бақытты екен ғой саябақ.

Жамандық сезбеген екенбіз,

 Қоштасар жол  тұрған таяу -ақ.

 

Сезбедің ақ сезім пәктігін,

Сағынып күтіп ем кештерде.

Ғашыққа айыпты тақты кім,

Махаббат азабын кешкенде?!

 

Арпалыс сезімге төзбедің,

Алыстап кетер деп арамыз.

Кейін қап көңілді кездерім,

Уақытпен жарысып барамыз...

 

Кіршіксіз пәк  таза сезімің,

Ғайып боп бір күнде кеткенбе?!

Күтумен таусылды төзімім,

Ұмытар соңғы сәт жеткен бе?!

 

Жас жүрек шырқайтын әні көп,

Өзіңсіз көркем кеш, тұңық таң.

Қош енді, оралма, тағы кеп,

Өмірлік ол кезді ұмытқам...

Ұнатамын

Жүректің жылады көктемі,

Жанымды түсінбей өзгелер.

Бүгін мен бәріне өкпелі,

Ұғынып біліп сезсе егер.

 

Көктемнің кештері ызғырық,

Өзінді күткенмін сағына.

Жүректі сақтады сыз қылып,

Жүрем бе мұңайып тағы да.

 

Сезімді егерде сезсеніз,

Білгініз мен  сізді ұнатам.

Сөзіме күмәнсіз сенсеніз,

Келісіп жай ғана үн қатам.

 

Неліктен үнемі осылай,

Ғашықтар жүреді жырақта.

Қанша жыл жүреміз қосылмай ,

Мен сізді сүйемін бірақта.

 

көктемде себепсіз жылаттын,

Мендегі сезімім жауапсыз.

сағынып содан соң жылаппын,

Қосылмас жандарға жауаппыз

 

Жасырма

Жасырып бейнеңді алыстан,

Несіне көрмеген боласың.

Шын ғашық жандар бар табысқан,

Қозғама жанымның жарасың.

 

Ойласам өзіңді түндерде,

Құрбыма мұң шалып жылағам.

Жанымды қинаған түндер ме?

Сеңсізде талайға ұнағам.

 

Мұнан соң өтінем жылатпа,

Сыйлашы жаныма қуаныш.

Өзімнен жауабын сұрат па,

Болғайсың өмірлік жұбаныш.

 

Жауабын күтемін үн қатшы,

Қуансың бір сәтке гүл жүрек.

Көктемде жай ғана ұнатшы,

Жүрегім қалсыншы елжіреп.

17.05.2012

 

Мен біреуді сүйемін үнсіздікпен,

Ал. басқаның көңілі менде ғана.

Өзге жандар қызықтап үнсіздікпен,

Түсінеді бұл жайды пенде ғана.

 

Жүректегі сезімім алай - дүлей ,

Ұғынады қайсы кеп сауалсыз-ақ.

Өз-өзіме жүрейін қалай-күлмей,

Кел ,жанымды емдеші дауасыз-ақ.

 

Көп қиялдап кетемін түн ішінде,

Мүмкін жұлдыз санармын бақыт сұрап.

Сенемін  жылытатын күн күшіне,

Бірақ жігіт жылытса бақыттырақ.

 

Тағдыр басқа жазбапты қосылуды,

Менде сенен ұзадым, кеттім жырақ.

Бөлісерсін мендегі осы мүңды,

Қоңыр күзде қайтадан қалдын ұнап.

Кешірерсің...

Кешірші..

Сеземін жүректің толқуын,

Алауы жаныма  сыймаған.

Көңілдің теңіздей толқынын,

Бақыт деп өзіме сыйлаған.

 

Керемет кештер бар есімде,

Көгімде жұлдыздар санасқан.

Өзге үшін мені кешір де,

Жұбынды табарсың жарасқан.

 

Білемін жаныңды ауырттым,

Кешірші қинасам өзінді.

Жүзіңді көргенім ауыр тым,

Көрсем де жүрегім төзімді.

 

Сағыныш, махаббат мұңдары,

Жүректі тербетіп қинаған.

Сүйгеннің арнаған жырлары,

Өзіндік таспада жинаған.

 

Өзгені сүйем деп сендірші,

Толтырмай жүрекке қайыс мұң.

Кешірші өтінем кешірші,

Бақытты болуға лайықсың...

 

Менен де биіктеу ғашықтық,

Жалғыздыққа жақын әлемі.

Арада кедергі қашықтық,

Сүйгендер осылай әдемі.

 

Жүректің түбіне жасырып,

Мен үшін қымбатсың дегенің.

Өзгеден ерекше асырып,

Тым ерке өзімшіл демедің.

 

Бақыт пен махаббат сезім гүл,

Жүргені біздерге мұң сыйлап.

Бәрін де жүрегім сезіп жүр,

Өткенім жанымды тұр қинап.

 

Бір көріп ұнатып қалғандар,

Оғанда кінәлі мен емес.

Сүйгенге өкініп калмаңдар,

Ал менде тек қана бір елес.

(бірақта жаным ол сен емес)

 

Ай өтер, жыл өтер сан уақыт,

Сен жайлы жырлай да алмаймын.

Өзгеге сыйларсың мол бақыт,

Сен үшін жылай да алмаймын..

 

Ақ парақ беттерді шимайлап,

Отырмын түнменен сырласып.

Жалғыздық әлемге сыймақ бақ,

Жаралы жүректі мұң басып.

( несіне қырсыға бересің)

 

Күнделік бетіне жас тамып,

Сезімді тоқтамай жазғаным.

Сүйем деп өзіне ақталып,

Сен болсан жауабын жазбадын.

 

Қуантып содан соң жылатып,

Несіне қызғана бересің.

Ал, енді жанымды жұбатып,

Дәл бүгін ауылға кетесің.

 

Қалада қалады сағыныш,

Мен сүйген еріндер дір етіп.

Ауылда махаббат сағым күш,

Зуылдап барады күн өтіп.

 

Біздерді күтеді бағымыз,

Екеуміз кездескен кештерді.

Сүйгеннен жаралған жанымыз,

Қателік жіберсем кеш мені...

 

Мұң сыйласа бақыттымын не керек,

Қаңтар бойы қиналдым -ау шамасы.

Естігендер мына мені не демек

Құрсын бәрі жан-жағына қарашы.

 

Гүлге тенеп әрбір сезім күйімді,

Өтіп жатыр ең қызықты шақтарым.

Сансыз сұрақ алдыма кеп үйілді,

Бұл көктемде жайнады ғой бақтарым.

 

Өткен жылы дәл осы күн жыладым,

Жанарымнан мұң көріпті талайы.

Өтті кетті бүгініммен жұбанам.

Жан-жүрегім кешірімді қалайды.

 

Өкпе, реніш бәрін бірдей ұмытам,

Жасырын ба керегі жоқ ендігі.

Сезім түгіл өзінді де ұмытқам.

Оның бәрі жүрегімнің кеңдігі.

 

Бірақ қайдам кейін тағы мұңдандым,

Ұнатып одан соң ұмыту қиын.

Дұрысы өткен көктемге жындандым,

Мендегі сезімге салынды тыйым...

 

Барлығын көктемге жабамыз,

Сүюге ерте деп,еркелеп.

Сағыныш мұңдыда жазамыз.

Себепсіз біреуге өкпелеп.

 

"Сырлы бақ" әлемім көңілсіз,

Қалайша жұбанам қайтемін.

Бұғанда кінәлі қоңыр күз,

Бұлданба көмек бер,айт емін.

 

Жаз болса жүреміз күлімдеп,

Сүйеміз сезімге беріліп,

Сүйіктім келеді бүгін деп,

Күтумен жылаймыз егіліп.

 

Содан соң қыз көңіл бөлек тым,,

Ақпанда жәудіреп жанары.

Өртенген жанымды көрмекпін,

Лаулайды сөнеді жанады,

 

Бақытты көрінер сыртынан,

Жаным ау өкінбе өткенге.

Жүректі ойлашы сыр тұнған,

Сезімнің сиқыры көктемде...

 

 Ақ парақ беттерді шимайлап,

Отырмын түнменен сырласып.

Жалғыздық әлемге сыймақ бақ,

Жаралы жүректі мұң басып.

( несіне қырсыға бересің)

 

Күнделік бетіне жас тамып,

Сезімді тоқтамай жазғаным.

Сүйем деп өзіне ақталып,

Сен болсан жауабын жазбадын.

 

Қуантып содан соң жылатып,

Несіне қызғана бересің.

Ал, енді жанымды жұбатып,

Дәл бүгін ауылға кетесің.

 

Қалада қалады сағыныш,

Мен сүйген еріндер дір етіп.

Ауылда махаббат сағым күш,

Зуылдап барады күн өтіп.

 

Біздерді күтеді бағымыз,

Екеуміз кездескен кештерді.

Сүйгеннен жаралған жанымыз,

Қателік жіберсем кеш мені...