Кітап – рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын білім мен тәрбие көзі. Кітаптың шығуы мен дамуы жазу өнерінің пайда болуымен тығыз байланысты. Жазба мен әдебиет біздің дәуірге дейінгі жетінші және төртінші мыңжылдық аралығында пайда болған. Адамзат өміріне жазба қалай әсер етсе, жазба тарихына кітаптар да солай әсер ете алды. Мәтінді жазу үшін әр түрлі материалдар, оның ішінде саз, жібек, керамика, папирус, тіпті, алтын да қолданылған. Біз әлемдегі шығу тегі мен жазылу уақытына қарай ең көне болып есептелетін бес кітапты назарларыңызға ұсынамыз.
Этрусктардың алтын кітабы - Әлемдегі ең көне көп беттік кітап шамамен б.з.д. 660 жылы пайда болған. Кітаптың мазмұны Ежелгі Грецияда пайда болған Орфейге табынушылардың мүшесі болған атақты адамды жерлеу үшін жасалған деп болжауға мүмкіндік береді. Оны музейге Македониядан келген 87 жасар Болгар сыйға тартқан. 5х4,5 см өлшемдегі пластиналарда этрус тілінде жазылған орфикалық мәтін, сондай-ақ жылқының, салт аттының, сиренаның, лираның және әскери адамдардың бейнелері бар.
Пиргадан жасалған алтын кестелер – Үш алтын пластина 1964 жылы Италияның Пиргия жеріндегі ежелгі этрус порттарындағы әулие-әнбиелердің жатқан жерін қазу кезінде табылды. Ғалымдар бір кездері пластиналар бір-бірімен байланған болуы мүмкін деп санайды. Екі пластинада этрус тілінде жазулар бар, ал біреуі финикий (пуникалық) тіліндегі мәтіннен тұрады. Пиргадан қырқылған бұл кестелерде Тефарий билеушісі Цере қаласынан велиана финикий құдайы Астартаға сыйлықтарын алып келгені, сондай-ақ Иштар сияқты танымал екені баяндалады.
Наг-Хаммади кодекстері – Ол 1945 жылы Мысырдың Наг-Хаммади ауылында табылған 13 былғары папирус кодекстерін қамтиды. Гностикалық мәтіннен тұратын кітаптар біздің дәуіріміздің төртінші ғасырдың бірінші жартысына дейін созылады. Олар копт тілінде жазылған және грек тіліндегі түпнұсқасынан көшірілген. Қазіргі уақытта Наг-Хаммади кодекстері Египеттің Каир қаласындағы Коптс мұражайында орналасқан.
Кутберт Евангелие – Еуропадағы ең ескі кітап – 2012 жылы британдық кітапхана 9 миллион фунт стерлингке сатып алған. Кітап ерте Британдық христиан көшбасшыларының бірі, қасиетті Кутберттің табытына салынған сый болды. Ол біздің дәуіріміздің 698 жылы жарыққа шыққан кітап ретінде қарастырылады. Кейін кітап викингтердің шабуылдарынан жойылып кетпесі үшін әулиелерінің басқа да заттарымен бірге Дарем мазарына көшірілген.
Виджай Дхарани сутрасы – 1966 жылы Оңтүстік Кореядағы Пульгукс будда храмында «Виджай Дхарани» сутрасы табылды. Ол ксилография әдісімен жасалған. Сондықтан да әлемдегі баспа кітабының ең ерте үлгісі болып табылады. Бұл мәдениет жауһары б.з. 704 және 751 жылдар арасында жапон қағаз ағашынан жасалған қағазда басылған. Кореяда табылған сутраның баспа әріптері жіңішке қағаздары сияқты қытайлық «Алмас сутрадан» тиісінше ерекшеленеді.
Қазір ақпарат заманы. Адамзаттың интернет желісіне тәуелді болып, ақпарат ғасырында өмір сүріп жатқанына қарамастан баспа өнімдері өз өзектілігін жоймай келеді. Кітаптың бізге дейін де қоғамның үлкен сұранысында болғанын ескерсек, бізден кейін де бұл мәртебесінен түспейтіні анық.
Облыс кітапханаларын дамыту бөлімі
Ерғали Г.Б.