«Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма?!» деп дана Абай айтқандай, адам өмірінің көзі осы жүрек екеніне дау жоқ. Адамды ізгілік пен жақсылыққа үндейтін де, қылмыс пен жамандыққа итеретін де – жүрек. Адам жанын бірде қинап, қайғы мен қасірет дәмін тарттыратын, бірде қуанышқа бөлеп, адам көңілін шаттыққа толтарытын да – жүрек.
Жүрек адамның маңызды мүшесі, сондықтан оны күту біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігі болуы керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйымдастыруымен 29 қыркүйек - Дүниежүзілік жүрек күні болып бекітілді. Бастапқыда, Дүниежүзілік жүрек күні қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтілді, бірақ 2011 жылдан бері оған арналған айқын күн - 29 қыркүйек. Мерекені ұйымдастырудың басты мақсаты әлем халқына жүрек-қан тамырлары ауруларының таралу қаупі туралы ақпарат беру, жүрек ауруларының пайда болу қаупін азайту үшін алдын-алу шараларын қабылдауға шақырады. Дәлірек айтсақ, бүгінгі күні бұрын егде жастағы адамдар негізінен ишемиялық инсультке ұшыраған болса, бүгінгі күні бұл ауру әр жастағы, оның ішінде жасөспірімдер мен балаларға да диагноз қойылған. Дүниежүзілік жүрек күні атқарылатын іс-шаралар әрбір адамның бірінші жүрек соғысының көрсеткішін тексеріп, инсульттің немесе жүрек соғысының белгілерін анықтап, науқастың өмірін құтқару үшін «Бірінші көмек» келуіне дейінгі іс-әрекеттер туралы тереңірек түсіндіреді.
Сондықтан, құрметті оқырман, өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, ауырмай тұрып, ауырмаудың жолын іздегіңіз келсе біздің кітапханамызға денсаулықты сақтау туралы әртүрлі оқулықтарды оқуға ұсынамыз: Н.Торманов, С.Төлеуханов, Б.Уршееваның: «Жүрек-қантамырлар жүйесінің физиологиясы» (Алматы, 2018 ж ) оқу құралында жүрек қан – тамырлар жүйесінің қыр–сырларын тереңірек зерттеп, ғылыми зерттеу жұмыстарына пайдалануға көмектеседі. «Денсаулық» журналының 2021 жылы наурыз айының 3 санында дәрігер – кардиолог Ш.Хамзаның «Жүрек сырқаттары» жайлы мақаласымен танысуға шақырамыз. Мақалада жүрек сырқаттарын алдын алу жолдарын, бірінші көмек көрсету жолдарымен таныстырады. «Адам денесі» (Алматы, 2006 ж) кітабы – организмнің құрылысы мен қызметтері туралы оқырмандар қауымына арналған басылым. Кітапта біздің қалыпты деп саналатын құбылыстар, мысалы тыныс алу мен жүректің жұмысы сипатталған.
Адам баласы екі нәрсенің қадірін білмейді: бірі – денсаулық, бірі – уақыт. Ал екеуінің де қадірін білген – бақыт. Олай болса жүрек-қан тамырлары дерті тақырыбындағы сөзімізді жалғап, жүрек саулығын сақтау үшін мына кеңестерді есте сақтаған жөн:
- Күн тәртібін сақтап ұйқыңызды қандырыңыз;
- Күнделікті физикалық белсенді болыңыз;
- Жаман әдеттерден бас тартыңыз;
- Стрессті басқаруды үйреніңіз;
- Дененің оңтайлы массасын сақтаңыз;
- Дұрыс тамақтану қағидаларын сақтаңыз;
- Тұзды тұтынуды азайтыңыз;
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, жүрек–ағзадағы жеке мүше, оның жұмысы өздігінен жүреді, яғни автоматизмге негізделген. Дәрігер ауру адамды емдейді, ал, аурудың алдын алу әрбір адамның өз тірлігі. Сау жүрек – ұзақ өмір мен денсаулық кепілі!
Оқу залы бөлімінің кітапханашысы: Шохшина Ж.С.