Бүгін мен практикамның алғашқы күні жайлы айтқым келеді.
Біз Н.В Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында болдық. Ол жердің атмосферасы да бөлек екен. Біз алғашында мүлдем басқаша елестеткен едік. Суық, қараңғы үлкен оқу залы мен шыбын ызыны естілмес тыңыштық болады деп күттік… Бірақ мүлдем бөлек әлемге келген сияқтымыз, қызу жұмыс, толастамайтын оқырман адамдар, сосын көзге жылы әрі ерекше көрінетін дизайнмен жасалған шағын залдар. Бұл жерде балаларға арналған, үлкендерге арналған, демалуға, оқуға арналған залдар бар екен. Жалпы кітапхана 14 бөлімшеден тұрады екен. Әр бөлімшенің өзінің жетекшілері мен қызметкерлері бар және әр бөлімшенің клубтарыда бар және де оларға тегін әрі кез келген қызығушы адам келуге болады.
Кітапхана өзі 3 этажды ғимарат және жер төлесінде де жұмыс жасайды екен.
Маған бұл жерде қатты ұнағаны жанға жайлы әсер қалдырған сыпайы, жылы жүзді қызметкерлер болды. Олар әр келген оқырманға жылы қабақ танытып, іздеген кітабын тауып береді. Содан соң ол кісілер өзінің жұмыстарын тиянақты әрі жақсы көріп, ұйымшылдықпен жасайтындары көрініп тұрды.
Жалпылама мен ойлағаннан да қызық болып шықты бәрі және бұл маған ұнады.
Бахтиярова Мерей