Абонемент бөлімі жайлы…

Бұл жер жайлы айтар болсам, маған ұнады! Ең бірінші барған жерімді емес сол жердегі мені жақсы қарсы алған адамдар жайлы айтқым келеді. Жарқынай апай өте күшті адам, тез тіл табысып, әзіліміз де, әңгімемізде жарасып кетті. Кітапханада бірге түстенеміз, бірде екеуміз жолдын арғы жағындағы асханаға барып түстендік, қызық болды бәрі. Бұл жерде басым бөлігі ересектерге арналған кітаптар болған соң балалар емес үлкен кісілер, студенттер  көп келетін. Кітарханада кітап қоры өте мол екен. Қызықты журналдар мен том-том кітаптарға дейін бар. Содан соң маған Жарқынай апай кітаптарды базаға тіркеуді үйретті. Сосын мен бірнеше рет өз бетімше жасап көрдім жане бұл менің қолымнан келді. Одан сон абонемент залының оқы қоры да үлкен екен… Ол жерге кітап іздеп кіріп,  жоғалып кетуге болатындай) Кітаптарда қалай болса солай емес, ретімен, алфавит бойынша  тұрады екен. Оны да бізге Жарқынай апай үйретті. Әрбір кітапта әріп пен белгіленген сан болады солай ретімен қою керек. Әйтпесе кітаптарды іздегенде, болмаса оқырмандар сұратқан  кезде қиындықтар тууы мүмкін. А, айтпақшы бізде осы апта да абонемент залы мен оқу залы бірігіп “Кітапханадағы жаз” акциясы аясын да балаларға оригами тәсілімен көбелек жасауды үйренткен болатын. Осындай қызықты іс-шаралар жиі болып тұрады бұл жерде. Қарап жер салған адамға қызығарлықтай іс екен. Тіпті кітап алуға келген оқырмандардың өзінен жылу шашып ерекше бір аура бөліп тұрады. Маған сол кітапханадғы мен барған түпкір жақта орналасқан абонемент залы ұнады деп толық қанды айта аламын. Қызметкерлері жылы жүзді, керек кезде іс- шараларға қатысып жақсы атқарып шығады, ал басқа кезде өз беттімен жұмыстарын тыңғылықты атқарады. Келген адаммен де жақсы қарым – қатынас жасай алады. Бұл жерде мен аз уақыт болсам да, жақсы әсер алдым дегім келеді!

                                Бахтиярова Мерей