Маған Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қатты ұнады . Ыңғайлы, жылы, қонақжай орта. Мұнда жұмыс істейтін адамдар өте сыпайы, өз істерін біледі.
Мұнда ақпарат алуға, кез келген кітапты оқуға болады. Бұл достардың кездесу орны, білім қорын толықтырып қана қоймай, бос уақытыңызды қызықты өткізуге болатын орын деп ойлаймын. Жалпы кітапхана жайлы барлық ақпараттармен таныстым. Кітапхана ішінде 14 бөлім бар екен, сол барлық бөлімнің ішінде әртүрлі, қызықты ұйымдар бар екен. Сол ұйымдар тегін болады екен.Ең қызығы ең соңғы қабаттағы бөлім "Кітапхананың жүрегі" деп аталады екен. Сол жерден кітаптарды лифт арқылы, үстінгі бөлімдерге жеткізеді екен. Кітаптар жеткен соң қызметшілер тосып алады. Мен өзім бұндай нәрсені бірінші рет естіп, білуім. Маған қатты ұнағаны кітапхана қызметкерлері. Олар әрдайым көңілді жүреді және де бір- біріне көмектеседі екен. Келген кітапхана оқырмандарына да сыпайы сөйлеп, өте тез түрде қызмет атқарады. Кітапханада күнде , аптасына қаншама рет түрлі түрлі іс-шара, бағдарламалар өтеді екен. Өзіме қатты ұұнағн іс- шара: Ол «Кітапханадағы жаз" салтанат кеші болды. Мен көп тәжірибе алдым деп айта аламын. Өзімен қатты ұнады. Бұрын сонды бұндай іс-шараға қатысып көрмеппін. Жалпы, қорытындылай келе , маған Кітапхана қызметкерлері қатты ұнады, өте керемет, қонақжай адамдар.Мен Кітапханада болып , кішкене болсын іс-тәжірибе алдым деп ойлаймын. Маған кітапхана бөлімдерінің ішіндегі ең қатты ұнағаны, Абонемент бөлімі. Бөлімді кітапхананың ең байырғы бөлімі деп айтуға болады.Мен барған алғашқы күндерден бастап оқырмандарға қызмет көрсетулері ыңғайлы әрі тез болды. Абонемент қорынан күнде келіп кітап алады. 45 күнге 7 кітаптан асырмай, тегін кітап алуға болады екен.Ал көп сұраныстағы кітаптарға қысқа мерзім жазып береді. Ал мерзімді кітаптар 10 күнге ғана беріледі. Оқырмандар, Кітапханада болып жатқан әр іс-шараға қатысуға мүмкіндіктері бар екен. Ал кітапханаға деген, оның жұмысы туралы өздерінің пікірлерін қалдырғылары келсе, «тілек кітапшасына» жазуға болады. Әр оқырманда өздерінің « оқырман кітап» , «оқырман формуляры» деген секілді құжаттары болады
Жадыра Жарылғапова