Отбасы – бақыт мекені

Отбасы күні – бұл еліміздегі басты мерекелердің бірі. Халқымыз «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтпаған. Мемлекетіміздің мықты болуы - отбасылардағы береке-бірлікке, татулыққа, өзара түсіністікке тығыз байланысты. Себебі отбасы құндылығы берекемен, махаббатпен, сеніммен өлшенеді.

Алғаш 2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы Жарлыққа өзгеріс енгізіп, қыркүйектің екінші жексенбісін Отбасы күні деп белгілеген болатын.  Жыл сайын біздің өлкемізде де «Мерейлі отбасы» байқауы өткізіліп келеді. Байқаудың негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу.

Отбасы -мемлекеттің іргетасы. Отбасы - адам баласының өсіп - өніп,  қанат жайып түлеп ұшатын алтын ұясы. Адамзат өміріндегі мейірімділік пен адалдық, адамгершілік пен тектілік секілді асыл қасиеттерді бойына жинайтын жандар, оны ұрпақ санасында қалыптастыратын ардақты әкелер мен аяулы аналар. Асыл дінімізде Аллаға бойұсынуға шақыра отырып, ата-анаға қарайласуды міндеттейді. Ата  - анаңа не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың, сен ата - анаңды сыйлайсың, сенің балаларың да сен қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып қағатын болады. Ата - ана отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата - ананың қадірі ерекше әспеттелген.

Қорыта айтқанда, жоғарыда атап өт­кен мәселелердің бәрі ұлт тәрбиесіне тіре­ліп тұр. Өзгеден үлгі алатын бүгінгі ұр­пақ санасына «үлкенге - құрмет, кі­шіге - ізет» ұғымдарын, адамгершілік сезімдерін ұялату керек. Бізге тәрбие беріп, бүгінге дейін жеткізген ата-анамызды, ата-әжелерімізді құрметтеп, ала­қанымызға салып, жан жылуымызды молынан сыйлауымыз қажет.

 

                                                                                                          ҚҰӨжКҰБ кітапханашысы
                                                                                                          Кемельбаева Г. Т.