Кітап оқып, рухани бай бол!

«Поэзия деген ол – мөлт еткен сәт қана. Адамның кішкене ғана сәтінен ұлы дүниелерді алып шығуға болады» - демекші, құрметті жыр сүйер қауым, кітапханамызға «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрген жыржауһарлық ақындардың ЖАҢА КІТАПТАРЫМЕН таныс болыңыздар!

Жыр сүйер қауымның қызыға оқитыны даусыз.

 

Республикалық М.Мақатаев мүшайрасының жүлдегері, дарынды ақын РАУАН ҚАБИДОЛДИННІҢ «Күркіреме» кітабындағы жаңа өлең-жырларынан рухани күш аласыз.

 

Аллаға сеніп алданған артық,

Айызың қанбай шөлдеп бір.

Алты Алаш-Анам Мағжанға тартып,

Абайдың тілінде сөйлеп тұр.

 

Қазақтың тілі – көлкіген іреп,

Мағжандарымның қаны бұл.

Патша мен құлы өлтіремін деп,

Өлтіре алмаған бәрібір...

Қабидодин Р. Күркіреме – «Алматы-Болашақ» АҚ, 2022. – 192 б.

Қазақстанның Халық жазушысы Мұзафар Әлімбайдың жылы лебізімен  «Ақын бала, Ерқанат» деп басталатын жыржауһарлық ақын ЕРҚАНАТ КЕҢЕСБЕКҰЛЫНЫҢ «Сағыныш басқан» өлеңдер жинағында адам - қоғам - заман үштігінің қыры мен сыры сипатталған. Оқырманның тосын шешім жасауына, өзінше түйін тұжыруына мүмкіндік береді.

Зәм!

Зәм!

Жүрегімді ерітті кім?..

Тобылғыдай беріктігім!

Зәм –зәм.

Адамдармен сынға түсу,

Ғаламшармен үн қатысу...

Зәм. Зәм.

Сұлулығы жанарыңды қарыған.

Планета: бір есімі – Мағжан!

Зәм. Зәм!..

Кеңесбекұлы Е. Сағыныш басқан. Өлеңдер. – Алматы: «Дәуір», 2022. – 96 б.

Туған жер, өскен орта алдындағы перзенттік парызын жырларына өрнектей білген жас ақын АҚЕРКЕ АСАННЫҢ «Айша бибі» жыр жинағына бұрын жарияланбаған жаңа өлеңдері топтастырылған. Көпшілік оқырманның көңілінен шығады деген ойдамыз.

Петерборда... ескі сүрлеу, ескі күн,

Ауыр бұлттар еңсе басқан кеш бүгін.

Эрмитажға күңгірт сәуле ұялап,

Көне ғасыр... күй күмбірін естідім.

 

Бір керемет нұр құйылып ғарыштан,

Заманалар елес берді бағы ұшқан...

Жүрегімді осқылады намыс, кек,

Көк бөрінің үні келіп алыстан.

 

Құдіретті ұмытылмас бұл кештің,

Өзге әлем... тылсымы көп сыр кештім.

Күмбірлеген Хан Кененің рухымен

Намаздыгер шамасында тілдестім...

Асан А. Айша бибі: Өлеңдер, балладалар. – Алматы: «Дәуір», 2022. – 160 б.

                                          Өлкетану бөлімінің басшысы С. Телпекбаева