Ұлы дала тарихы

Құрметті оқырман!

Биыл елімізде аталып өтіп жатқан маңызды даталардың бірі де бірегейі Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесі екені баршаға аян. Осы мерекеге орай және «Бір ел –бір кітап» республикалық акциясы аясында І. Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи романы бойынша құрастырылған «Ұлы дала тарихы» сұрақ- жауабы арқылы 70 жылдай көмескіленіп, күңгірт болған халқымыздың тарихы мен әдебиетіне шолу жасап, қаншалықты білетініңізді ой елегінен өткізіп, өзіңізді тексеріңіз.

Тарихымызды танып, танымыңызды кеңейтіңіз!

Тарих-и-Рашиди» және «Жаһаннама» дастанының авторы, белгілі тарихшы, әдебиетші?
Мұхаммед Хайдар Дулати
Махмұт Қашғари
Осман Кухистани
Керей мен Жәнібек сұлтандарды кім құшақ жая қарсы алды?
Есенбұға хан
Есім хан
Әбілхайыр хан
Қазақ хандығының бастапқы кезеңінде Ел астанасы Мәртебесін алған қала?
Отырар
Сайрам
Сығанақ
Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек пен Керей сұлтандардың қоныстанған жері?
Сырдария алқабы
Шу алқабы
Жайық өзенінің алқабы
Қазақ хандығының діни орталығы?
Ясы(Түркістан)
Алмалық қаласы
Баршакент
«Қазақтың жерлерін жинақтаушы» деген атқа ие болған хан?
Тәуке хан
Қасым хан
Хақназар хан
Қасым хан енгізген заңдар жинағын халық қалай атады?
Қасым ханның қасқа жолы
Жеті жарғы
Дала заңы
Сайланған ханның мал-мүлкін бөліп алу дәстүрі?
Ханталас
Ханталапай
Ханталау
ХVІІ ғасырда қазақ хандығына қауіп төндірген көрші ел?
Қытай мемлекеті
Жоңғар мемлекеті
Орыс мемлекеті
Тәуке ханның Ұлы жүздегі Төле бимен, орта жүздегі Қазыбек бимен, кіші жүздегі Әйтеке бимен ақылдаса отырып қабылдаған құқықтық жүйенің негізгі қағидалары мен нормалары қалай аталады?
«Орынбор қырғыздары» жарғысы
Шыңғыс ханның ясысы
Жеті жарғы
Ең ұзақ хандық құрған қазақ ханы?
Хақназар хан
Тәуке хан
Абылай хан
1723 ж. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезінде шыққан қазақтың қаралы да қайғылы әні? Авторы кім?
«Елім-ай» Қожамберді би
«Зар заман» Шортанбай Қанайұлы
«Еділ» жыры Қазтуған жырау
Сырым Датұлы бастаған қазақ шаруаларының көтерілісі қай жылдарды қамтыды?
1650-1690жж.
1787-1797жж.
1487-1500 жж
Үш жүз өкілдерінің алғашқы құрылтайы қай жылы болды?
1710 ж.
1720 ж.
1725 ж.
Қожа Ахмет Иассауидің мешітінде хандар мен сұлтандар бас қосып, ақ киізге орап көтерген хан?
Абылайхан
Әбілқайыр
Кенесары хан
«Қалмақ қырылған» шайқасы қай жерде, қай жылы болды?
1729 ж. Балқаш көлінің бойы
1731 ж. Ойрантөбе түбі
1728 ж. Ұлытау етегіндегі Бұланты өзенінің бойы
Қазақ жеріндегі алғашқы жәрмеңке қай жерде ашылды?
1822 ж. Батыс Қазақстан
1822 ж. Қоянды жәрмеңкесі
1822 ж. Қарқара жәрмеңкесі
Қажығали Мұхаметқалиұлының Мемлекеттік сыйлыққа ие болған «Тар кезең» тарихи романында қандай тарихи көтеріліс туралы жазылған?
Амангелді Иманов бастаған көтеріліс
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
Махамбет бастаған көтеріліс
Қ. Жұмаділовтің «Дарабоз» тарихи роман диологиясы қазақтың қай даңқты қолбасшысының өмірі мен ерліктеріне арналған?
Қанжығалы Бөгенбай
Шапырашты Наурызбай
Қаракерей Қабанбай батыр
Махамбет жырларында кездесетін хан есімі?
Жәңгір хан
Тәуке хан
Әбілқайыр хан
1726 ж. Ордабасы тауында өткізілген құрылтайда қазақ әскерінің қолбасшысы болып кім сайланды?
Әбілқайыр
Абылайхан
Әбілмәмбет
Бір ғасырдан астам уақыт бойы қазақ халқының негізгі заңы болып келген заң?
Қасым ханның қасқа жолы
Есім ханның ескі жолы
Жеті жарғы
«...үш жорғаның жұрт алдында бір-бірімен кермар келгенін ешкім көрген емес". Ә. Кекілбаевтың «Үркер» романынан берілген үзіндіде кімдер туралы айтылған?
Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би
Ақтанберді жырау, Бұқар жырау, Қазыбек би
Қобылан ақын, Шал ақын, Жанақ ақын
М. Мағауиннің «Аласапыран» тарихи романы қай жылғы уақиға туралы және Тәуекел ханның Орыс мемлекетіне жіберген елшісі кім?
1594 ж. Ораз Мұхаммед
1730 ж. Сейітқұл Қойдағұлов пен Құлымбет Қоштаев
1731 ж. Хангелді батыр
Қазақ халқының тұтастығына, үш жүздің бірлігіне ұйтқы болған кіндік мекен?
Бурабай
Ұлытау
Қарақұм
«Көшпенділер» тарихи трилогиясы неше романнан тұрады?
3
4
2
Қазақтың үш ғасырлық тарихын түгендеп, тарихи сананың тамырына қан жүгірткен І.Есенберлиннің әйгілі тарихи роман-трилогиясы?
Ақорда
Көшпенділер
Жанталас
«Жанталас» романында ерлік ісімен көзге түскен батыр қыз?
Томирис
Гауһар
Мәншүк
«Көшпенділер» романындағы Мөңке ханды жерлеу жайындағы аңыз
Ханның құлы қабірге бірге салынды
Зиратқа аямай қымбат заттар, тамақ салынды
Жерлеуге қатысқан 10000 адам тегіс бауыздалады
Керей мен Жәнібектің Әбілқайырдан бөлініп көшуі қай романда баяндалған?
Жанталас
Алмас қылыш
Қаһар
Нұраның Қаратұзында қазақтың басты 40 руына таңба үлестірген кім?
Асан қайғы
Бұқар жырау
Қотан жырау
Қасым ханның алдында болған хан?
Бұрындық
Хақназар
Жәнібек
Қасымның жас кезінен ұстаған сара жолы?
Бейбітшілік жолы; Өз жеріңді ешкімге берме, өзгенің жерін тартып алма
Шапқыншылық; басқа елдерді жаулау арқылы жерін кеңейту
Сауда-саттықты дамыту
«Алмас қылыш» романы қалай аяқталады?
Ел шетіне жау тиеді
Өзара хандық талас
Түркістан өлкесін қайтару үшін күрес
«Жанталас» романында баяндалатын ұлы апат?
Жоңғар шапқыншылығы
Қытай шапқыншылығы
Шүршіт шапқыншылығы
1841 ж. Алашаханның бейітінің басында үш жүздің ақсақал, билері ақ киізге салып көтерген хан?
Кенесары
Абылай
Тәуке
Кенесары ханның ерлікке толы ғұмыры І.Есенберлин-нің «Көшпенділер» тарихи трилогиясының қай романында қамтылған?
«Алмас қылыш»
«Жанталас»
«Қаһар» романында