Мәдени іс-шаралардың ақпараттық дайджесті. 2015 жыл, қыркүйек.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2015 жылдың 1-30 қыркүйек күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті.

2 қыркүйек (сәрсенбі)

"Отан отбасынан басталады" атты кітап көрмесіне шақырамыз. Көрменің материалдары 2013 жылы наурыз айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Отбасы күні мерекесіне арналған. Президент Жарлығына сәйкес мереке қыркүйек айының әрбір екінші жексенбісінде аталып өтіледі.

3 қабат, оқу залы

 

8 қыркүйек (сейсенбі)

Фредерика Мистральдің 185 жылдығына арналған көрме материалдары Прованс тумасы, Нобель сыйлығының лауреаты (1904) француз ақынының өмірімен және шығармашылығымен таныстырады, Прованс тәуелсіздігін қорғау қозғалысының негізін қалаушысы Ф. Мистральдің поэтикалық шығармашылығына деген құрметке қарамастан Нобель сыйлығымен бәрінен деокситан (провансаль) тілін, прованс тұрғындарының тілін қорғаудағы белсенділігі үшін марапатталды.

2 қабат, халықаралық кітаптар бөлімі

 

13 қыркүйек (жексенбі), сағат 11.00

Отбасы күніне арналған "Отбасы – алтын діңгек" атты дөңгелек үстелге шақырамыз.

2 қабат, конференц-зал

 

15 қыркүйек (сейсенбі), сағат 11.00

"Самая, самая, самая..." атты кітап көрмесідетектив жанрының көрнекті шебері, ағылшын жазушысы Агата Кристидің 125 жылдығына арналады. Шынымын де, ол детектив прозасындағы әлемдегі ең танымал авторлардың қатарына жатады және адамзат тарихындағы шығармалары ең көп жарыққа шығатын авторлардың бірі болып табылады (Библия мен Шекспирден кейін). Агата Кристидің кітаптары 4 миллиардтан астам дана тиражымен жарыққа шығып, әлемнің 100-ге жуық тіліне аударылды. Сонымен қатар сахналандырылған қойылымдардың саны рекордтарды бағындырған. АгатаКристидің "Мышеловка" пьесасы алғаш рет 1952 жылы қойылды және сол сәттен бастап көптеген театрлардың сахналарынан алынбайжүр.

2 қабат, абонемент

 

16 қыркүйек (сәрсенбі)

ҚР Тілдері күніне арналған "Мәңгілік ел – мәртебелі тіл" атты кітап көрмесіне шақырамыз.

3 қабат, оқу залы

 

17 қыркүйек (бейсенбі)

2015 жылы танымал қарағандылық ақындар Жылқыбай Нұрбеков (1920-1948) пен Қабыкен Мұқышевтің (1920-1976) 95 жылдығы.

Жылқыбай Нұрбеков – ақын, 1947 жылы КСРО жазушылар Одағының мүшесі болды. Өз поэмасы мен өлеңдерінде кеншілердің, көмір бассейн құрылысшыларының жанкешті еңбектерін жырлаған. Алматыда өткен бірінші республикалық жас жазушылар жиналысының (1947) қатысушысы.

Қабыкен Мұқышев – ақын, КСРО жазушылар Одағының мүшесі (1943), 15-тен астам поэтикалық жинақтардың авторы. Қарағанды көмір бассейнін алғаш ашушысы Аппақ Байжанов туралы "Аппақ туралы аңыз" поэмасын және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы "Арқадағы арпалыс" шығармасының авторы.

2 қабат, өлкеатану

 

22 қыркүйек (жұма), сағат 12.00

"Сен неткен бақыты едің келер ұрпақ..." V-Қасым Аманжолов оқуларына шақырамыз. Шара әдеттегідей ақын ескерткішінің жанында өтеді. Дәстүрлі түрде Аманжолов оқуларында жас ақындар, Қарағандының поэтикалық клубтарының  белсенділері, студенттер мен мектеп оқушылары қатысады.

Қасым Аманжолов ескерткішінің саябағы

 

22 қыркүйек, (сейсенбі)

А.Тоқмағамбетовтің (1905-1983) 110 жылдығына арналған "Қастерлі қаламгер" атты кітап көрмесі. Қазақ ақыны, жазушы қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан және еліміздің белгілі әдебиетшілерінің қатарында жетекші орынға ие. 1928 жылы "Еңбек жыры" атты алғашқы өлеңдер жинағы жарыққа шыққан. А.Тоқмағамбетовтың таңдамалы шығармалары бірнеше рет жарық көрген. Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945 ж.ж) майданға аттанып, майдан газеттерінде қызмет еткен. Оның өлеңдері газет беттерінде соғыс әрекеті туралы алғашқы хабарламаларымен бірге жарық көрген. А.Тоқмағамбетов сонымен қатар проза саласында да көп еңбек еткен. Ол Ыбрай Жақаевтың өмірі туралы "Қыран тұғырдан ұшады"(1969), революцияға дейінгі ауыл өмірі туралы "Ақмоншақ" (1973 жылы О.Бодықовпен бірлесіп жазған) повестерінің, Қаратау етегі мен Сырдария жағалауын мекендеген қазақтардың өмірін сипаттайтын "Әке мен бала" романының авторы.

А.Тоқмағамбетов шығармашылығының негізгі бағыттарының бірі сатира болып табылады. Оның жазған көптеген фельетондарында адамзат жасаған кемшіліктерді ашып көрсетеді. Бүгінгі күнде де көпшілік үн қосқан өмір шындығы тақырыбындағы өткір сатиралық өлеңдері мен фельетондары үшін М.Әуезов "Қарғы тілді Асқар" деп атаған.

2 қабат, абонемент

 

24 қыркүйек (бейсенбі)

"Еңбек түбі - береке" атты кітап көрмесіне шақырамыз. 2013 жылдың қараша айында Елбасы Н.Ә. Назарбаев Еңбек күнін қыркүйек айының соңғы жексенбісінде мерекелеу туралы өз жарлығында жариялаған болатын. Көрме материалдарында еңбек адамдары туралы, жұмысшы мамандықтары туралы баяндалады.

3 қабат, оқу залы

 

24 қыркүйек, (бейсенбі)

Поэзия мен лирикалық өлеңдерді сүйіп оқитын оқырман қауымды белгілі жыршы-ақын Лариса Рубальскаяның 70 жылдығына арналған "Это я, Лариса Рубальская" атты кітап көрмесіне шақырамыз. Ол ән жазуды тек сексенінші жылдардың орта кезінен бастағанға қарамастан,  алты жүзге жуық шығармалар  жазған. Оның көптеген әндері танымал хиттерге айналды. Ол В. Мигуля, С. Березин, Л. Тухманов, А. Добронравовт. б. сынды авторлармен жұмыс жасады. Оның әндерін Алла Пугачева, Иосиф Кобзон, Михаил Боярский, Татьяна Овсиенко және басқа да танымал орындаушылар орындады.

2 қабат, абонемент

 

27 қыркүйек (жексенбі), сағат 11.00

І.Есенберлиннің "Көшпенділер" романына арналған байқау қорытындысы шығарылатын "Жыр-Жауһар" поэзия клубының отырысына шақырамыз. Іс-шара "Бір ел-бір кітап" Акциясының жоспарына сәйкес өткізіледі.

2 қабат, конференц-зал

 

29 қыркүйек (сәрсенбі), сағат 15.00

Мерейтойлы іс-шаралар жоспарына сәйкес Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына орай "Сәулең болса кеудеңде..." әдеби оқулары өткізіледі. Баршаңызды әдеби оқуларға қатысуға және ұлы ақынның шығармашылығымен сусындауға шақырамыз.

3 қабат, оқу залы