Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2015 жылдың 1-30 қазан күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті
1 қазан (бейсенбі) сағат 11.00-де
"Алтын күз" кездесуі: Халықаралық қарттар күніне арналған кітапхана ардагерлерімен кездесу.
2 қазан, конференц-зал
2 қазан (жұма)
С. Есениннің 120 жылдығына арналған "Я сердцем никогда не лгу" атты кітап көрмесіне шақырамыз.С.Есенин жайлы ғаламтордан ақпарат іздегенде 4 млн. жауап, 2 млн. суреттер мен фотолар шығады. Интернет желісінде табылған осындай бай мәліметтер қоры орыс халқының ақыны С.Есениннің бүгінгі күнде де өте танымал екендігінің дәлелі бола алады.
2 қабат, абонемент
4 қазан (жексенбі)
"Ұстаздық еткен жалықпас..." кітап көрмесі Ұстаздар күніне арналады.
2 қабат, абонемент
7 қазан (сейсенбі)
М.Алигердің 100 жылдығына арналған "Нет, судьба, меня ты не обидела" кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз
2 қабат, абонемент
8 қазан (бейсенбі)сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін
Игі дәстүр бойынша қаламыздың оқу орындарының І курс студенттері мен жоғары сынып оқушыларын Ашық Есік күніне шақырамыз. Бұл күні жиылған жастар кітапхана жұмысымен танысып, кітапхана оқырманы қатарына қосылу мүмкіндігіне ие болады.
1-3 қабат. Барлық қызмет көрсету бөлімдері
11 қазан (жексенбі) сағат 11.00-де
Рухани келісім күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған "Казахстанский феномен: согласие и толерантность" атты дөңгелек үстел өтеді.
2 қабат, халықаралық кітаптар бөлімі
11 қазан (жексенбі)
Танымал француз жазушысы Ф.Мориактың 130 жылдығына арналған "Целитель душ человеческих" атты кітап көрмесіне шақырамыз.
2 қабат, абонемент
13 қазан (сейсенбі)
"Рухани бірлік мәдениеті"кітап көрмесінің материалдары қазақстандық қоғамның рухани келісім тақырыбына арналған.
3 қабат, оқу залы
15 қазан (бейсенбі) сағат 12.00-де
Рухани келісім күніне арналған "Конфессияаралык алуан түрлілік" атты кездесуге шақырамыз.
2 қабат, конференц-зал
15 қазан (бейсенбі)
Қазақстанның халық жазушысы, көркем сөз өнерінің көрнекті шебері Әбу Сәрсенбаевтың (1905-1995) 110 жылдығына арналған "Қаламы қарымды қаламгер" атты кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз. "Ана тілі", "Әдебиет хрестоматиясы", "Оқу кітабы" оқулықтары білім алушы жастар үшін аса қажетті құралдарға айналды. Ә.Сәрсенбаев әдебиетке аудармашы ретінде де еңбек сіңірді. Ол А. Пушкиннің, М. Лермонтовтің, Н. Некрасовтың, Ш. Петефидің, Фаиз Ахмад Фаиздің шығармаларын аударған.
2 қабат, абонемент
16 қазан (жұма)
Қарағандылық белгілі композитор Мельникова Людмила Евгеньевнаның 60 жылдығына арналған "На крылях песни" атты кітап көрмесіне шақырамыз. Л.Е. Мельникова – Қарағанды облысының "Балауса" композиторлар қоғамдық бірлестігінің төрайымы, 400-ге жуық музыкалық шығармалардың авторы. Оның әндері балалар мен жасөспірімдер арасында кеңінен қолданылады.
19 қазан (дүйсенбі)
Абонемент бөлімінде ашылатын Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған "Тарих, тұлға, уақыт" атты тарихи кітаптар апталығы.
2 қабат, абонемент
19 қазан (дүйсенбі) сағат 14.00-де
Академик Е.А. Бөкетовтің 90 жылдығына арналған "Гуманист ученый" атты "Жас өлкетанушы" үйірмесінің отырысы.
23 қазан (жұма)
"Архитектура – молчаливый историк" аттыкітап көрмесіне шақырамыз. Көрмеден өнер туралы әдебиеттер бөлімінде монографиялар, альбомдар, көрнекті сәулетшілердің өмірбаяндары, Қазақстанның заманауи сәулеті және басқа да әдебиеттердің бай кітап топтамаларымен танысуға үлкен мүмкіндік бар.
3 қабат, өнер бөлімі
23 қазан (жұма) сағат 12.00-де
Теміртаулық белгілі ақын Қасым Ботановпен кездесуге шақырамыз. Ақын 1942 жылы 10 наурызда Алматы облысында дүниеге келген. Мектепті аяқтаған соң тіс дәрігері мамандығы бойынша Қазан қаласындағы медицина институтына оқуға түседі. 1978 жылдан бастап Теміртау қаласында тұрып келеді. 1980 жылдан бастап облыстық және республикалық газет-журналдарда алғаш рет өзінің өлеңдерін жариялай бастады. Туған қаласы туралы бірнеше өлеңдер жинағының авторы.
26 қазан (дүйсенбі)
"Нұрсұлтанның нұрлы жолы" атты кітап көрмесінде Ел Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары және Елбасының өмірі мен қызмет жолы туралы әдебиеттерназарға ұсынылады.
2 қабат, абонемент