Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2015 жылдың 1-30 қараша күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті
2 қараша (дүйсенбі)
Ақын, композитор Мәди Бәпиұлының (1880-1921) 135 жылдығына арналған "Мәдидің асыл мұрасы" атты кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.
3 қабат, өнер туралы әдебиеттер бөлімі
10 қараша (сейсенбі)
Ұлттық валюта күніне арналған "Теңге - ұлттық егемендіктің белгісі" атты кітап көрмесі.1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге айналысқа енгізілді. "Теңге" сөзінің шығу төркіні түріктің ұсақ күміс тиындарының атауынан шыққан. Яғни, "денге" немесе "танга". Олар орта ғасырларда қолданыста болған. Егемен Қазақстанның алғашқы ақшасы бұрынғы "Харрисон и сыновья" ағылшын компаниясымен басылып шықты. Өзіміздің банкноттық фабрикамыз елімізде 1995 жылы ашылды. Бүгінгі күнде қазақстандық теңге 18 дәрежелі қорғауыш деңгейге ие, әлемдегі ең қорғалған валютаның бірі болып табылады. Сонымен қатар, 15 қараша Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып есептеледі.
3 қабат, оқу залы
10 қараша (сейсенбі) сағат 15.00-де
Мәди Бәпиұлының 125 жылдығынажәне Шәмші Қалдаяқовтың 85 жылдығына арналған "Халық рухының қанаты" атты музыкалық кешке шақырамыз.
3 қабат, өнер туралы әдебиеттер бөлімі
19 қараша (бейсенбі) сағат 11.00-де
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған "Егемен елдің кемеңгер басшысы" атты кітап көрмесінің тұсаукесеріне шақырамыз.
2 қабат, конференц-зал
20 қарша (жұма)
М.Дулатовтың өмірі мен еңбек жолына арналған "Ұлттық рухты оятушы" атты кітап көрмесінің материалдары назарға ұсынылады.
20 қараша (жексенбі) сағат 12.00-де
М.Дулатовтың 130 жылдығына (1885-1935) арналған "Алаштың шынары" атты әдеби кеш. Міржақып Дулатов қазақ ақыны, жазушы, қоғам қайраткері, "Алаш Орда" үкіметінің және ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшыларының бірі. Дулатовтың саяси ұстанымы 1909 жылы Арғын деген бүркеншік атпен өзінің бірінші "Оян, қазақ!" поэзиялық жинағын шығарғанда анықталды. 1910 жылы Міржақып өзінің алғашқы "Бақытсыз Жамал" атты повесін жарыққа шығарды. Бұғаулы қазақ әйелінің тарихы қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің прозасындағы бірінші шығарма болды. 1928 жылдың 29 желтоқсанында Дулатовты ХІІК органы қазақ ұлтшылы деген айыппен тұтқынға алды. Оған ату жазасын берді, бірақ кейін 10 жылға лагерге ауыстырды. М. Дулатов 1935 жылдың 5 қазанында Соловецкий лагерінің лазаретінде қайтыс болды. Ол тек 1988 жылдың 4 қарашасында ақталды.
2 қабат, конференц-зал
23 қараша (дүйсенбі) сағат 14.00-де
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған "Жас өлкетанушы" клубының отырысы өтеді.
2 қабат, өлкетану бөлімі
24 қараша (сейсенбі)
Қазақтың кеңес жазушысы, кеңес балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі С.Бегалиннің (1895-1983) өмір жолы мен шығармашылығымен таныстыратын "Балалар әдебиетінің бағбаны" атты кітап көрмесі назарларыңызға ұсынылады. Алматы қаласындағы Республикалық балалар кітапханасына С.Бегалиннің аты берілген.
2 қабат, абонемент
26 қараша (бейсенбі)
ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған "Елбасы және Қарағанды" атты кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз.
2 қабат, өлкетану бөлімі
26 қараша (бейсенбі) сағат 15.00-де
"Писатели нашего города" атты әдеби кеш. Кеш Н.А. Пичугиннің 125 жылдық, М.Е. Зуев-Ордынецтің 115 жылдық, Д.В. Оськиннің 85 жылдық мерейтойларына арналады.
Пичугин Николай Алексеевич (1890-1978) - жазушы, 1943 жылдан бастап СССР жазушылар Одағының мүшесі, Қарағанды бойынша 1941 жылдан бастап мүшелікке қабылданды. Оның кеншілердің өмірі мен еңбектеріне арналған "Второй восток" (1943), "С.С. Макаров" (1948) очеркі, "Карагандинские очерки" (1949), "Зори над городом" (1953) романы, "Город в пути" (1976) повесі бар. Н.А. Пичугин Қазақстан Жазушылар Одағы Қарағанды облыстық бөлімі бастауларында тұрған. Халық депутаттарының қалалық Кеңесінің исполком шешімімен Тепловозная көшесі Николай Пичугиннің атына ауыстырылды.
Михаил Ефимович Зуев-Ордынец (1900-1967) - орыс кеңес жазушысы. 1925 жылдан бастап еңбектері жариялана бастады. Ол шытырман оқиғалар жанрындағы "Каменный пояс", "Желтый тайфун", "Возмутители" (1928), "Гул пустыни" (1930) повестері, "Сказание о граде Ново-Китеже" (1930) романы және т.б. шығармалардыңең алғашқы бастаушылардың бірі. 1940 жылдан бастап Қарағандыда еңбек еткен. Қарағанды жерінде жазылған "Вызывайте 5... 5... 5... 5...!" (1961), "Остров потопленных кораблей", "Осадочная порода" (1963), "Бунт на борту" (1968) шығармалары бар.
Дмитрий Васильевич Оськин (1930-1988) – жазушы, жазушылар Одағының мүшесі, Теміртау қаласының және Қазақстан Магниткасының алғаш құрушысы. "Құрылысшы" газетінің редакторы болған. Оның Теміртау қаласының тарихына арналған шығармалары: "Вижу солнце" Мәскеу, 1964ж, "В доме дедушки Укена" - Алматы, 1988ж, "Казахстанская Магнитка-колыбель моя" деректі повестері, "Двум смертям не бывать" (қазақ және болгар халықтарының туысқандық достықтары туралы - Алматы, 1990ж) тарихи романы.
2 қабат, конференц-зал
27 қараша (жұма)
Кеңес жазушысы және ақын, әскери лирикасымен танымал К.Симоновтың өмірі мен шығармашылығына арналған "Остаюсь военным писателем" атты кітап көрмесі.
2 қабат, абонемент
29 қараша (жексенбі) сағат 17.00-де
Жастар қауымын ҚР Тұңғыш Президенті Күніне орай ұйымдастырылған "Н.Ә.Назарбаев – Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы" атты дөңгелек үстелге шақырамыз.
2 қабат, конференц-зал
29 қараша (жексенбі) сағат 11.00-де
Қазақстан Халқы Ассамблеясының жылына арналған қорытындылау шарасы. "Әдеби қонақжай" клубының қатысушыларымен "Вместе целая страна" отырысы өтеді.
2 қабат, конференц-зал
29 қараша (жексенбі)
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған "Ғасыр обасы - ЖҚТБ және есірткі" атты кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз.
3 қабат, оқу залы
30 қараша (дүйсенбі)
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған "Нұрсұлтанның нұрлы жолы" атты кітап көрмесі.
2 қабат, абонемент