Сұхбат

Обложка: 

Автор: 

Оңғарсынова, Ф.

Алғы сөзін жазған – Социалистик Еңбек Ері академик жазушы Ғабит Мүсірепов. Көркем сөз майданында ақынға, жазушыға, еркекке, әйелге, кәріге, жасқа деп шектеліп қойылған сарыжайлау да жоқ, құлазыған қу дала да жоқ. Ащы көл де ортақ, тұщы көл де ортақ. Ғарышқа дейінгі биіктік те ортақ, Жер-ананың отты жүрегіне дейінгі тереңдік те ортақ. Ерлік, батылдық, адалдық, ұяттылық, арлылық, намысқойлық сияқты адамгершілік-азаматтық қасиеттердің бәрі де ортақ. Мен қазақтың ақын қызы Фаризаны осындай асқарлардың биігінде көремін. Сол биіктерге көтеріле беру, сол тереңдікке бойлай беру, сол адамгершілік қасиеттерді толықтыра беру ақын-жазушының бәріне ортақ арманы. Мұның екінші аты, ең дұрыс аты — адам жанындағы, адам рухындағы тереңдік.