Елбасы күні – ерекше мереке

1 желтоқсан  - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – халықтың қалауынан туған мереке. 2012 жылдан бастау алған бұл мерекені кең көлемде тойлау елімізде үрдіс алуда. Біздің Елбасымыздың балалық шағы және қатардағы жұмысшыдан - Президент лауазымына дейінгі өсу жолдары туралы кітаптары насихатталуда. Бұдан, әрине, біздің жастарымыз үлгі алатыны ақиқат. Көшбасшымыздың өмір жолы әрбір жастың көңіліне сенім ұялатып, патриоттық тәрбие алуына, Отанға, елге деген сүйіспеншілігін туғызуына, өмірге тың құлшыныспен кірісуіне бірден-бір себепкер. Тәуелсіздік алған 24 жылдың ішінде Қазақстан барша әлемге танылды.  Нұрсұлтан Әбішұлының оң саясатының арқасында көшбасшы елдермен үзеңгі қағыстырып келеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым халықпен бірге, ол өз халқына үлкен қамқорлық көрсетеді. Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға.

Кітапханада ҚР тұңғыш Президент күніне орай  арнайы бағдарлама әзірледі. Бағдарламада кітап көрмелері, әңгімелер шолулар, тарихи кештер және басқа да шаралар енгізілген. "Егемен елдің кемеңгер басшысы"  атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, "Н. Ә. Назарбаевтың еңбектері" бөлімінде Елбасының әр жылдары жарық  көрген кітаптары және ағымды басылымдардан шыққан мақалалары қойылған. Сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жылдарындағы тарихи шежіреге байланысты, Елбасының тарихи шешімдер қабылдаған жарлықтары, Елбасының "Менің елім – менің жерім!" деп аталатын естелігі және де басқа кітаптарын кітапхана сөресінен табуға болады. Еліміздің негізін қалаған алғашқы реформаларымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президентінің парасатты ой толғамдары арқылы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен даму тарихының негізгі кезеңдерін айқындайтын көрмені оқырман жастарымыз тамашалауда(насихатталуда). Оқу залында орналасқан бұл көрменің басты құндылығы – оның мазмұнының ауқымдылығы мен көрнекілігінде жатыр. "Егемен елдің кемеңгер басшысы" атты көрмесі Қазақстан халқының 1991 жылы 1 желтоқсандағы тарихи таңдауын сенімді әрі дұрыс жасағандығының тағы бір дәлелі еді.