Поэзия патшайымы // Таңдамалы шығармалары. - Алматы : Ан Арыс. - 2 т. - 2009. – 143-150 б.

Обложка: 

Автор: 

Жұмабек Сайлаубек

Фариза Оңғарсынова, сөз жоқ, ұлы ақын. Сөз жоқ, Фариза ақын – тұнып тұрған өміршең поэзияның өзі болып табылады. Өйткені, ол өзінің бүкіл шығармашылық еңбегімен, шынайы талантының ірілігі-мен — Поэзия Патшайымына айналған бақытты тұлға! Қазақ қыздарының —қарындастарымыздың, әпкелеріміздің, сіңлілеріміздің бәйшешек сезімдерін, қызғалдақ, шақтарын немесе әжелеріміздің, қарындастарымыздың, сіңлілеріміздің, яғни арғы-бергі тарихтағы қазақ әйелдерінің толғауы тоқсан тағдырларын мейлінше зор сүйіспеншілікпен, мейлінше зор тағзыммен, мейлінше зор шындықпен, мейлінше зор шабытпен асқақ та сұлу жырлаған ақын Фариза Оңғарсынова, шын мәнінде, Поэзия Патшайымына айналған сирек тұлға — дара тұлға!