Жақында Гоголь атындағы облыстық ғылыми кітапханасында "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" деген тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрменің мақсаты өскелең ұрпақты Қазақстандық патриотизмге және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікке тәрбиелеу.
Қазақстан – 2050 стратегиясында Елбасы Н.А. Назарбаев:
"Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады. Біз, түпкі мақсатымыз – жем қорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек" деп айтқан болатын.
Кез келген күрделі әлеуметтік құбылыс сияқты сыбайлас жемқорлыққа да нақты анықтама беру қиын. Сыбайлас жемқорлық деп нені санауға болатындығы әр елдің өз қылмыстық Заңдарында өзінше анықталған. Заңда көрсетілген рұқсаттар мен тыйымдар қоғамның да, жеке адамның да іс – әрекетіне бағдар береді, ол жеке дара немесе ұжымдық этиканың орнын басады. Жалпы, жемқорлықпен күрес мемлекеттік маңызы бар мәселе, бүгінгі күнде оны тек құқық қорғау органдарының мойнына артып қоймай, барша халық болып осы кесапаттың жолын кесуге жұмылса, сонда ғана іс нәтижелі деуге болады. Кітапханашы сыбайлас жемқорлықты мұқият тұрақты зерделеуді, жүйелі тәсілді, кешенді және жедел қарсы іс – қимылды талап ететін қазіргі заманғы қоғамның жағымсыз көрінісі болып келетін атап айтты. Содан кейін, Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың ұсынған 100 нақты қадамы - дамуға, ілгерілеуге, құқықтық тұрғыдан жаңғыруға әкелетін сәтті ойластырылған бағдарлама екенін ерекше атап өтті. Оқырмандар назарларына ұсынған сыбайлас жемқорлыққа қарсы кітап көрмесін тамашалап, олар осы тақырып аясында өз ойларын жеткізді. Өз кезегінде оқушылар көрмеге қызығушылықпен қатысып, сыбайлас жемқорлыққа олардың өмірінде орын жоқ екендігін, сондай –ақ әрқашан таза білім алып, елінің адал да патриот азамат болатындығын жеткізді. Жалпы, кітап көрмесі жоғары оқу орындарының студенттеріне, оқытушыларына, заңгер – ғалымдарға, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған.