Мәдени шаралар дайджесті. Ақпан

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2016 жылдың 1-29 ақпан күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

Ақпан айында да әдеттегідей өткізілетін шаралар қатары көп. Кітапханада әр күн сайын белгілі оқиғаларға байланысты әртүрлі шаралар өткізіліп жатады. Әрине, оның барлығы кітапханашы мамандарының орасан еңбегі.

1 ақпан (дүйсенбі)

Елбасының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауына арналған "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда : өсім, реформалар, даму = Казахстан в новой глобальной реальности : рост, реформы, развитие" атты кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз.

3 қабат, оқу залы.

 

2 ақпан (сейсенбі)

Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған "Біздің Отанымыз - Тәуелсіз Қазақстан" атты биылғы жылдың басты кітап көрмесімен танысуға асығыңыздар. Оқырмандар үшін еліміздің тарихы туралы үздік және құнды басылымдар, Тәуелсіз Қазақстан мен Елордамыздың қалыптасуы және тарихта есімі қалған біртуар тұлғаларымыз және т.б. материалдар назарға ұсынылады. Кітап көрмесі жыл бойы жаңа басылымдармен толығып отырады.

3 қабат, оқу залы

 

3 ақпан (сәрсенбі)

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылындағы өнерінің дамуы туралы баяндалған "Өнермен елімді асқақтаттым" атты кітап көрмесі. Бұл жылдары алғаш рет қазақ өнерінің сәндік-қолданбалы өнері бойынша монографиялар мен альбомдар дайындалды, қазақ күйлерінің тарихы туралы ғылыми басылымдар жарыққа шығып, Қазақстанның өнері туралы монографиялар қайта басыла бастады.

3 қабат, өнер туралы әдебиеттер бөлімі

 

7 ақпан(жексенбі) сағат 11.00

"Бөбек" балалар қайырымдылық қорының президенті, қоғам қайраткері С.А. Назарбаеваның 75 жылдығына арналған "Қайырымдылық - қайтарымы бар қасиет" атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз.

2 қабат, конференц-зал

 

9 ақпан (сейсенбі)

Белгілі ақын, айтыскер, ақындар айтысын қалпына келтіру, жаңартып-жаңғырту, оны теледидар мен радиода насихаттау арқылы халқына кеңінен танылып, ел сүйіспеншілігіне бөленген айтыс жанашыры Ж. Ерманның 65 жылдығына арналған "Ұлытаудың ұланы – Жүрсін Ерман" атты кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз. 1984 жылдан бастап жүзге жуық айтыс жүргізген. 2005 жылы айтыс туралы екі томдық кітап шығарды.

Сонымен қатар, Жүрсін Ерман Жезқазған телеарнасының бас редакторы, Қазақ КССР мемлекеттік радиосының бас редакторы қызметтерін атқарған. 1994-1996 ж.ж. "Қазақ мемлекеті" газетінің бас редакторы, "Жұлдыз" журналының бөлім меңгерушісі болған. 2007-2009 жылдары -"Қазақстан" РТРК АҚ басқару төрағасының кеңесшісі болды. Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының М.Мақатаев атындағы сыйлығының (екі мәрте) лауреаты.

2 қабат, өлкетану бөлімі

 

10 ақпан (сәрсенбі)

Бек Тоғысбаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыратын "Адам тағдырының шебер суретшісі" атты кітап көрмесі назарларыңызға ұсынылады.

2 қабат, абонемент

 

15 ақпан (дүйсенбі) сағат 14.00

Қарағанды облысының 80 жылдығына арналған "Жас өлкетанушы" үйірмесінің отырысы.

2 этаж, конференц–зал

 

17ақпан (сәрсенбі) сағат 12.30

Еңбек адамына арналған оқу залының іс-шаралары "Карта мира профессий" атты ақпараттық сабағымен жалғасады.

3 қабат, оқу залы

 

22 ақпан (дүйсенбі)

"Ассамблея –  ізгілік ұйытқысы= Ассамблея – основа добра" атты кітап көрмесіне шақырамыз.

3 қабат, оқу залы

 

23 ақпан (сейсенбі)

Әлемдік Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында дәстүрлі түрде өткізілетін "Азаматтық қорғаныс: білу керек" атты кітап көрмесін тамашалаңыздар.

3қабат, оқу залы

 

25ақпан  (бейсенбі) сағат 15.00

Лирикалық поэзия жанашырлары мен шығармашыл жастарды Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін" атты поэтикалық кешке шақырамыз. Сонымен қатар, бұл кеш "Жыр-Жауһар" поэзия клубының 10 жылдық мерейтойымен ұштастырылып отыр.

2қабат, конференц-зал

 

28ақпан (жексенбі)

Ұлы суырып салма ақын Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған "Қазақ поэзиясының Гомері" атты кітап көрмесіне шақырамыз. Ақын Сүйінбайды пір тұтып, поэтикалық суырып салма өнерін үйреніп, оның үздік шығармашылығымен сусындаған. Кеңес заманында Жамбыл туған жерге деген сүйіспеншілігі туралы және еңбек, гуманистік идеялар туралы жырлаған. 1936 жылы ол Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнері Декадасына қатысқан. Ұлы Отан соғысы жылдарында жазған "Ленинградтық өрендерім", "Майданға хат" және т.б. патриоттық өлеңдері жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің рухын көтерді. Көркем әдебиеттерде Жамбыл Жабаевтың образы жасалып, деректі фильм түсірілді. Ақын шығармашылығына монографиялар мен мақалалар арналған. Жамбылдың шығармашылығына Р.Роллан, М.Андерсен-Нексе, К.С. Причард жоғары баға берген. Ақынның шығармалары бірнеше рет басылып шығып, орыс және басқа да тілдерге аударылған. Алматы облысындағы Жабаев ауданының қазіргі Жамбыл атындағы ауылында ақынның мемориалды мұражай үйі жұмыс жасайды. КССРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1941). Ленин Еңбек Қызыл Ту "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.Жамбыл Жабаев 1945 жылы 22 маусымда 100 жасқа қараған шағында дүниеден қайтты.

2 қабат, абонемент

 

28ақпан (жексенбі) сағат 11.00

Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған "И песнями сердце по свету звенит" атты әдеби қонақжай клубының отырысы.

2 қабат, конференц-зал.