Activities calendar

18 ақпан 2015

Қазақ тарихының көркем шежірешісі

Тарих беттерін көркем сөзбен бедерлеп, қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері І.Есенберлиннің 100 жылдығына арналған "Қазақ тарихының көркем шежірешісі" атты әдеби кешке шақырамыз. Қазақтың белгілі жазушысы өзінің шығармашылық жолын ақын және драматург ретінде бастаған. Проза жанрында жас қазақ зиялыларына, Маңғышлақ алғашқы тың игерушілеріне және мұнайшыларына арналған «Айқас», «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «Алтын құс» шығармаларын жазды, осы шығармалары арқылы республикамыздың ірі жазушылар қатарына қосылды. 1968 жылы І.Есенберлинге «Айқас» романы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілген болатын. Сол кездері жазушыда тарихи роман жазу идеясы туындады, тарихи материалдарды жинақтап өңдеу жұмыстарын үздіксіз атқара бастады. Ол еліміздің әртүрлі қалаларында болып, көптеген мұрағаттарды қараған, өткен қазақ халқының тарихын тынымсыз меңгеріп, зерттеген.

1969 жылы «Хан Кене» романы, 1971 және 1973 жылдары «Алмас қылыш» пен «Қаһар» атты романдары жарыққа шықты. Аталмыш еңбектер автордың «Көшпенділер» тарихи трилогиясын құрап, сол жылдары-ақ бүкілодақтық көпшілік қауымның игілігіне айналды. Бүгінгі күні бұл еңбек қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде толық жинақ болып алғаш рет жарық көрді

3 қабат, оқу залы

Дата: 

18 ақпан, 2015 - 12:00 to 14:00