Белгілі қоғам қайраткерлері Н.Нұрмақов, И.Әлімбековтың және Б.Айбасовтың өмірі мен қызмет жолдарына арналған өлкетану клубының отырысы. Аталмыш отырыс 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған.
Н.Нұрмақов – (1895-1937), белгілі саяси қайраткер,Қырғыз АКСР Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы, РКФСР Жоғарғы Сотының қазақ бөлімінің төрағасы. Контрреволюциялық әрекеті үшін жалған айып тағылып, атылды. 1956 жылы ақталды.
И.Әлімбеков – (1885-1937), белгілі философ, тарихшы, педагог. 1937 жылы атылды. 1989 жылы ақталды.
Б.Айбасов – (1895-1938), Қазақстанда ауылшаруашылық өндірісіналғаш рет ұйымдастырушы. 1938 жылы атылып, 1958 жылы ақталды.
2 қабат, конференц-зал.