Мәдени шаралар дайджесті. Маусым.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2016 жылдың 1-30 маусым күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

1 маусым (сәрсенбі) 12.00

Бұл күні кітапхана қызметкерлері мен қонақтардың балаларына арналған «Қазына аралына саяхат» атты квест-ойыны форматында қызықты мерекелік шара ұйымдастырылады.

1 қабат, кітапхана холлы

 

1 маусым (сәрсенбі)

«Ертегілер елінде»: 1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған кітап көрмесіне шақырамыз.

2 қабат, абонемент

 

1маусым (сәрсенбі)

ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Еліміздің айшықты рәміздері=Яркие символы нашей страны» атты кітап көрмесі.

        

16 маусым (бейсенбі) 11.00

Жазғы Оқу қаласының ашылуы. Аптасына 2 рет сейсенбі және бейсенбі күндері қаламыздың тұрғындары Мәңгілік алау алаңындағы саябақта кітаптар мен журналдар оқу мүмкіндігіне ие болады. Өткен жылғы дәстүр бойынша буккроссинг, балаларға арналған әртүрлі ойындар мен викториналар ұйымдастырылады. 25 тамызға дейін өткізілетін Жазғы Оқу қаласы «Кітаппен өткен жаз қызық!» ұранында өткізілмек.

Мәңгілік алау саябағының алаңы. Қызмет көрсету бөлімдері.

19 маусым (жексенбі)

Халықаралық нашақорлықпен күрес күні қарсаңында«Нашақорлық –тұйыққа апарар жол» атты кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз.

3 қабат, оқу залы

 

20 маусым (дүйсенбі)

Белгілі жазушы С.Сматаевтың 75 жылдығына орай «Тұнық ойдың тұмасы» кітап көрмесінің материалдары назарға ұсынылады. Софы Сматаев Қарағанды облысының Киік станциясында дүниеге келген. Мәскеудің болат және қорытпалар институтын металлургия қызметін автоматтандыру мамандығы бойынша бітірген. «Серпи молот» зауытында инженер-металлургқызметін атқарған (Мәскеу қаласы). Туланың металлургия зауытында инженер, Қазақ КСР Ғылым Академиясының түсті Металлургия және кен байыту Институтында аға инженер қызметтерін атқарған. Алғашқы өлеңдер жинағы 1968 жылы жарыққа шыққан. 1967-1984 жылдары аралығында «Жұлдыз» журналында қызмет еткен. 1989 жылдан бастап Қазақстанның Мемлекеттік кітап палатасында директор болған. Драматургия саласында да жемісті еңбек еткен. «Тағдырлар», «Сен кімсің», «Әз-әзәзіл» «Жұлдызым менің жоғары» пьесаларының авторы. 90 жылдары проза жанрында қалам тербеген. «Елім-ай» роман-трилогиясының авторы.

2 қабат, өлкетану бөлімі

21 маусым (сейсенбі)

А.Иманов бастаған ұлт-азаттық қозғалысының 100 жылдығына арналған "Народно-освободительное восстание 1916 года : события и герои" атты кітап көрмесінің материалдары. Ресей патшасы қатысқан 1914 жылы басталған бірінші дүниежүзілік соғысы халыққа өз зардаптарын тигізді. Қазақстанда бірінші кезекте Сырдария облысының солтүстік-шығыс аудандарында, Жетісу облысының оңтүстігінде және басқа облыстарда жаппай жерді тартып алу жалғасып жатты. Қазақтардан тартып алынған жер патша офицерлеріне, шенеуніктерге, дін басыларына, казак әскерлеріне және Ресей, Украинадан қоныс аударған шаруаларға таратылды. Соғыс орасан көп мөлшерде шикізатты, азық-түлікті, малды және басқа да материалдық құндылықтарды жалмап жұтты.Әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді. Соғыс жылдарында жергілікті жерлердегі патша шенеуніктерінің озбырлығы мен зорлық-зомбылығы өлшеусіз өсті.Қазақстан мен Орта Азия халықтарының жерін отарлаушыларға тартып әперудің тез қарқынмен жалғасуынан, салықтар мен басқа алымдар көлемінің шамадан тыс ұлғаюынан қалың бұқараның өмір сүру жағдайының күрт төмендеуі көрініс тапты. Көтерілістің басты себептері және басталуы әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар: отаршылдық езгінің күшеюі, жерді тартып алу, салықтар мен алымдардың шамадан тыс ұлғайтылуы, қазақ халқы мен аймақтың басқа байырғы халықтары жөнінде патша өкіметі жүргізген орыстандыру саясаты, қалың бұқара жағдайының күрт нашарлауы болды.

3 қабат, оқу залы

 

21 маусым (сейсенбі)

ХІХ ғасырдағы ірі жазушылардың бірі, ағылшын әдебиетінің классигі Шарлотта Бронтенің 200 жылдығына арналған «В надежде правды и добра» кітап көрмесі. Шарлотта Бронте ағылшын романтизмі мен реализмінің талантты өкілі болып табылады.

«ДженЭйр» романының авторы ретінде Шарлотта Бронте өз дәуіріндегі Ч.Дикенс, У.Теккерей сынды ірі романшылардың қатарынан табылып, тарихта есімі қалған.

2 қабат, абонемент

 

23 маусым (бейсенбі)

Америка жазушысы Ричард Бахтың 80 жылдығына арналған «Ничто не случайно» кітап көрмесіне шақырамыз.

Ричард Бах 1936 жылы 23 маусымда Иллинойс штатында дүниеге келген. АҚШ ВВС ұшқыш қызметін атқарған. Шығармаларының көпшілігі ұшқыштар тақырыбына арналған.Ричард Бахқа КСРО «Инностранная литература» журналының 1974 жылғы №12 санында жарияланған «Чайка по имени Джонатан Ливингстон» (1970) повесі бүкіләлемдік жазушылық даңқ әкелді.

2 қабат, абонемент.