21 маусым (сейсенбі)
А.Иманов бастаған ұлт-азаттық қозғалысының 100 жылдығына арналған "Народно-освободительное восстание 1916 года : события и герои" атты кітап көрмесінің материалдары. Ресей патшасы қатысқан 1914 жылы басталған бірінші дүниежүзілік соғысы халыққа өз зардаптарын тигізді. Қазақстанда бірінші кезекте Сырдария облысының солтүстік-шығыс аудандарында, Жетісу облысының оңтүстігінде және басқа облыстарда жаппай жерді тартып алу жалғасып жатты. Қазақтардан тартып алынған жер патша офицерлеріне, шенеуніктерге, дін басыларына, казак әскерлеріне және Ресей, Украинадан қоныс аударған шаруаларға таратылды. Соғыс орасан көп мөлшерде шикізатты, азық-түлікті, малды және басқа да материалдық құндылықтарды жалмап жұтты.Әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді. Соғыс жылдарында жергілікті жерлердегі патша шенеуніктерінің озбырлығы мен зорлық-зомбылығы өлшеусіз өсті.Қазақстан мен Орта Азия халықтарының жерін отарлаушыларға тартып әперудің тез қарқынмен жалғасуынан, салықтар мен басқа алымдар көлемінің шамадан тыс ұлғаюынан қалың бұқараның өмір сүру жағдайының күрт төмендеуі көрініс тапты. Көтерілістің басты себептері және басталуы әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар: отаршылдық езгінің күшеюі, жерді тартып алу, салықтар мен алымдардың шамадан тыс ұлғайтылуы, қазақ халқы мен аймақтың басқа байырғы халықтары жөнінде патша өкіметі жүргізген орыстандыру саясаты, қалың бұқара жағдайының күрт нашарлауы болды.
3 қабат, оқу залы