2016 жылғы 1 тамызынан 31 тамызына дейінгі «Гоголевканың» мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

1-тамыз (дүйсенбі) сағ. 11.00-де, 12,00-де

Кітапханамыздың кішкентай оқырмандарын "Қауіпсіздік әліппесі" мен "Ертегілер елінде" шығармашылық алаңдарына шақырамыз

2-қабат, конференц-зал

 

3-тамыз (сәрсенбі) сағ. 11.00-де, 12,00-де

"Кітапханадағы жаз" бағдарламасының қатысушыларын "Жаз қызықтарының студиясында" және "Көңілді ағылшын – әрі оқу, әрі ойын" алаңдарында асыға күтеміз

2-қабат, конференц-зал

 

9-тамыз (сейсенбі)

И.Калашниковтың шығармашылығына арналған "Өмірімнің басты кітабы" атты кітап көрмесіне шақырамыз

2-қабат, абонемент бөлімі

 

10-тамыз (сәрсенбі)

Қазақтың профессор-математигі, қоғамдық және мемлекеттік қайраткері, "Алаш" партиясының негізін қалаушыларының бірі Әлімхан Ермековтың (1891-1970жж.) 125 жылдығына арналған "Тәуелсіздік жаршысы" атты кітап көрмесінің материалдары.

Қарағанды және Қарқаралы қалаларының көшелері, қаламыздың мамандандырылған Кітап үйі, Ақадыр кентіндегі №131 орта мектепӘ.Ермеков атымен аталған. 1998 жылы Ә.Ермековтың туған жері – Ақтоғайда жерлестері, "Алаш-Орданың" белсенді басшылары: Әлихан Бөкейхановқа, Жақып Ақбаевқа арналған ескерткіш ашылды.

2-қабат, өлкетану бөлімі

 

19 тамыз (жұма)

М. Айтқожинаның 80-жылдық мерейтойына арналған "Сағыныштан жаралған ақын жүрек"атты кітап көрмесіне шақырамыз.

2-қабат, абонемент бөлімі

 

22-тамыз (дүйсенбі)

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай дайындалған, Еліміздің Басты Заңының дамуының негізгі кезеңдеріне арналған "Айбары асқақ Ата Заң" атты кітап көрмесінің материалдары.

3-қабат, оқу залы

 

23-тамыз (сейсенбі)

Шахтерлер күніне арналған "Герои подземных лав" атты кітап көрмесіне шақырамыз.

2-қабат, өлкетану бөлімі

 

28-тамыз (жексенбі)

Семей ядролық полигонының жабылуының 25 жылдығына (1991 ж.) арналған "Жарылыссыз әлем" атты дөңгелек стол өткізіледі.

2-қабат, конференц-зал