Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2016 жылдың 1-30 қыркүйек күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесі
6 қыркүйек (сейсенбі)
"Отбасы - Отанның ошағы" атты кітап көрмесіне шақырамыз. Көрме материалдары Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2013 жылдың наурыз айындағы Жарлығымен бекітілген Отбасы күні мерекесіне арналған. Аталмыш мереке Президент Жарлығына сәйкес қыркүйек айының екінші жексенбісі күні мерекеленеді.
3қабат, оқу залы.
8 қыркүйек (бейсенбі)
Ақын, КСРО жазушылар Одағының мүшесі (1977) Кәрім Сауғабаевтың 75 жылдығына арналған "Балқантауын бақытына балаған ақын" атты кітап көрмесінің материалдары. Кәрім Жұмабекұлы Сауғабаев 1941 жылы Қарағанды облысының Қу ауданының Едрей ауылында дүниеге келген. Қарағанды педагогика институтын бітірген. 1965 жылдан бастап "Ленин туы" Егіндібұлақ аудандық газетінде қызмет етіп, 1972 жылдан бастап осы газеттің редакторы болып тағайындалды.Алғашқы өлеңдер жинағы 1972 жылы жарыққа шықты. "Күдеріңді үзбе", "Үш қара оттары", "Балқантаудың басында" атты поэтикалық жинақтардың авторы.
2 қабат, өлкетану бөлімі.
12 қыркүйек (дүйсенбі)
Жазушы Ғ.Слановтың өмірі мен шығармашылығына арналған "Қара сөздің сардары" атты кітап көрмесі.
2 қабат, абонемент.
12 қыркүйек (дүйсенбі)
Қазақстан халықтарының тілдері Күні қарсаңында Сіздердің назарларыңызға "Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі" атты кітап көрмесі ұсынылады.
19 қыркүйек (дүйсенбі)
Еңбек күні мерекесіне арналған "Адам еңбегімен мәртебелі" атты кітап көрмесіне шақырамыз. Бұл мерекенің негізгі мақсатыөндірістік еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмыскер мамандығын насихаттау және Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру бойынша Елбасының идеялары аясында жұмыскер династиясының көп жылғы дәстүрін нығайту.
3 қабат, оқу залы.
21 қыркүйек (сәрсенбі)
Белгілі ағылшын жазушысы Герберт Уэллстің 150 жылдығына арналған "Сатир изБромли" атты кітап көрмесінің материалдарын назарларыңызға ұсынамыз. "Войнамиров", "Человек-невидимка", "Машина времени" және т.б. белгілі роман авторы.
25 қыркүйек (жексенбі) сағат 11.00-де
С.Довлатовтың 75 жылдығына арналған "Любитьжизнь, зная о нейвсюправду" атты Әдеби қонақжай отырысына шақырамыз.
Сергей ДонатовичДовлатов 1941 жылы 3 қыркүйек күні Уфада дүниеге келген. 1959 жылы Жданов атындағы Ленинградмемлекеттік университетінің филология факультетіне (фин тілі кафедрасы) түсті.
Проза жанрында қалам тербеген. Оның алғашқы кітабының жиынтығы мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің бұйрығымен жойылған.60 жылдардың соңынан бастап шығармаларын өзі басып шығара бастады, ал 1976 жылы оның кейбір әңгімелері Батыста "Континент", "Время и мы" журналдарында жарыққа шықты, осы үшін ол КСРО журналистер Одағынан шығарылды.
1980 жылдың орта кезінде"New-Yorker"журналында басылып шығып, оқырмандар жүрегінен орын алды.
Сергей Довлатов 1990 жылы 24 тамыз күні 49 жасында дүниеден қайтты.
26 қыркүйек (дүйсенбі) сағат 12.00
Алғашқы оқу жылында "Мен әлемді танимын" тақырыбында "Жас Өлкетанушы" үйірмесінің отырысы өтеді.
2 қабат, өлкетану бөлімі.
26 қыркүйек (дүйсенбі)
Халықаралық қарттар күніне арналған "Қарттар – асыл қазынам" атты кітап көрмесінің материалдары.
27 қыркүйек (сейсенбі) сағат 15.00
"Ыбырай Алтынсарин – Қазақстанның педагогика ғылымының негізін қалаушы" атты ғылыми-практикалық конференцияға шақырамыз.
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) - қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері, аудармашы. Қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді.1851 жылы Шекаралық комиссиясының жанынан ашылған қазақ балаларына арналған мектепке оқуға барады. Мектепте оқи жүріп, өз бетімен әлем әдебиеті классиктері – Шекспир, Гете, Байрон, Пушкин, Гогольдің, Лермонтовтың, Фирдаусидің, Низамидің, Науаидің және т.б. шығармаларын оқыған. Орынбордағы Шекаралық комиссияның төрағасы, шығыстанушы белгілі ғалым, профессор В.В.Григорьевпен жақын танысады. Ол Ыбырайға қамқорлықпен қарап, оған өзінің бай кітапханасын еркін пайдалануына жағдай жасайды.Мектепті тәмамдаған соң 3 жыл бойы (1857-1860) өз атасының қарамағында хатшы, одан кейін Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасады. 1860 жылы облыстық басқарма оған Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп ашуды тапсырып, орыс тілі мұғалімі етіп тағайындайды. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін салуға кіріседі, бұл мектеп 1894 жылы 8 қаңтар күні салтанатты түрде ашылады. Ы.Алтынсариннің қаламынан екі оқу құралы туған: 1869 жылы жарыққа шыққан "Киргизская хрестоматия" және "Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы". 1879 жылы Торғай облысының мектеп инспекторы лауазымына тағайындалады. Торғай мектебінің инспекторы бола отырып, ол Ырғыз, Николаевск, Торғай және Елек уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кәсіпшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Қыздарға білім беру мәселесіне көп еңбек сіңірді. Оның қолдауымен Ырғызда қыздарға арналған мектеп ашылды. Біраз уақыттан соң 1891 жылы Торғайда интернатымен бірге қыздар училищесі ашылды, Қостанайда – 1893 жылы, Ақтөбеде – 1896 жылы ашылды. Ы.Алтынсарин төрт екі сыныптық орталық орыс-қазақ училищесін, бір қолөнер мектебін, бір қыздар училищесін, бес болыстық училище, орыс балаларына арналған екі училищесін ашқан. Қазақ әдеби тілін қалыптастыру аясында ұлттық әдебиетпен мәдениетті дамыту үшін жемісті еңбек еткен. Л.Толстойдың, К.Ушинскийдің, И.Крыловтың шығармаларын қазақ тіліне аударған. Өмірінің соңғы жылдарында Николаевск (Қостанай) уездік қаласында тұрған. Көл жағасында өзінің жеке қаражатына ағаш жер үй тұрғызып, 1889 жылға дейін қарапайым өмір сүрген. Ы.Алтынсариннің құрметіне көптеген ғылыми, тарихи, педагогикалық еңбектер шығарылды. Арқалық қаласында Ы.Алтынсаринға арналған мұражай ашылып, Тобыл жағасында күмбез құлпытас орнатылған. Ы.Алтынсарин есімі Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына Қостанай облысының әкімшілік ауданына, мектептер мен көшелерге берілді.
3 қабат, оқу залы.