Халықаралық "Алаш" сыйлығы – қазақтың елдік туын алғаш көтерген қалам қайраткерлеріне ескерткіш ретінде Қазақстан Жазушылар одағы тағайындаған әдеби сыйлық. "Алаш" сыйлығы 1992 жылдан бастап баспадан жарық көрген жаңа туындылардың үздік деп табылғандарына екі жылда бір рет беріліп тұрады.
Биыл тамыздың 25 күні Қазақстан Жазушылар одағы секретариаты шешімімен еліміздің бірқатар ақын-жазушыларына Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығы берілді.
Атап айтар болсақ: Қорғанбек Аманжоловқа "Алапа"; Жанат Әскербекқызына "Ай-тамғы"; Арман Қаниға "Сен және мен"; Нұрлан Қалқаға "Мизам шуақ"; Өтеген Оралбаевқа "Қағбаның қарлығаштары" атты өлеңдер жинақтары үшін және Қайрат Бақбергеновке "Междуречье" аударма кітабы үшін; Молдахмет Қаназға "Жанқожа Нұрмұхамедұлы" романы үшін; Жұмагүл Солтиеваға "Сағым қуғандар", "Әйел махаббаты" пьесалары үшін берілді.
Сонымен қатар, әдебиетті насихаттаудағы еңбектері үшін Әдібай Табылдиев, Рахым Балабиев, Сұлтан Оразалинов және Қуанышбай Құрманғали Халықаралық "Алаш" сыйлығының иегерлері атанды.