Мәдени шаралар дайджесті. Қазан.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2016 жылдың 1-31 қазан күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесі

 

4 қазан (сейсенбі)

Эжен Потьенің 200 жылдығына арналған "Солдат и поэт революции" атты кітап көрмесіне шақырамыз. 1944 жылға дейін Кеңес Одағының бұрынғы мемлекеттік "Интернационал" әнұранының авторы. ЭженПотьеның бұл өлең жолдлары Париж Коммунасы оқиғасынан алған әсерінен туды.

2 қабат, абонемент    

 

9 қазан (жексенбі) сағат 11.00

Рухани келісім күніне арналған "Рухани келісім – Қазақстан қоғамы тұрақтылығының іргетасы" атты дөңгелек үстелге шақырамыз.

2 қабат, конференц-зал

 

10 қазан (дүйсенбі)

Белгілі қазақ ақыны, қоғам қайраткері Хамит Ерғалиевтың (1916-1997) 100 жылдығына арналған "Өмір шындығын өлеңнен іздеген" атты кітап көрмесі. Х.Ерғалиев 30-ға жуық өлең жинақтарының авторы. Шығармаларының бірқатары мәдениет қайраткерлеріне арналған: Т.Г. Шевченкоға арналған "Аңыз ата", Құрманғазыға арналған "Құрманғазы", Ахмет Жұбановқа "Күй дастан" атты шығармасы арналған. "Алтын зерең" атты өлеңдер мен поэмалар жинағы үшін Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Х.Ерғалиев шетел шығармаларын қазақ тіліне аударған.

2 қабат, абонемент

 

11 қазан (сейсенбі)

"Рухани келісім – татулық тұғыры" атты кітап көрмесіне шақырамыз.

3 қабат, оқу залы

 

12 қазан, (сәрсенбі) сағат 11.00

Рухани келісім күніне арналған "Қоғам байлығы – рухани келісім" атты дөңгелек үстел.

2 қабат, конференц-зал.

 

12 қазан (сәрсенбі) сағат 12.00

"Конфессияаралық келісім – бейбітшілік пен өркендеудің кепілі" атты Интернет Ресурсының презентациясына шақырамыз.

1 қабат, Интернет секторы

 

13 қазан (бейсенбі)

Студенттер мен мектеп оқушыларын "Гоголевкадағы" Ашық есік күніне шақырамыз.

 

14 қазан (жұма) сағат 12.00

"Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ..." Қасым Аманжолов оқуларына шақырамыз. Дәстүрлі түрде Аманжолов оқуларында жас ақындар, Қарағандының поэтикалық клубтарының белсенділері, мектеп оқушылары мен студенттер қатысады.

 

17 қазан (дүйсенбі)

Сопылық поэзияның негізін қалаушы, барша Шығыс мұсылмандары үшін ұлағатты ұстаз, діндар, "Әзірет Сұлтан" атанған Қожа Ахмет Иассауидің 850 жылдығына арналған "Яссауи мұрасы – мәңгілік мұра" атты кітап көрмесіне шақырамыз. Ахмет Яссауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Яссауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленді.

3 қабат, оқу залы

 

19 қазан (сәрсенбі) сағат 12.00

Мұқан Иманжановтың (1916-1958) 100 жылдығына және Баубек Бұлқышевтың (1916-1944) 100 жылдығына арналған "Ұлытаудың қырандары –қазақ рухының қырандары" атты әдеби кештің қонағы болыңыздар.

М.Иманжановтың алғашқы "Жастық" атты әңгімелер жинағы 1948 жылы жарық көрді, одан кейін 1950 жылы "Алғашқы айлар" повесі жарық көрді. Очерктер мен мақалалары жеке кітап болып шықты. М.Иманжановтың құрметіне Қарағанды қаласының көшесіне есімі берілді.

Б.Бұлқышев Ұлы Отан соғысына қатысқан. "Комсомольская правда" газетінде және әдеби жинақтарда шығармалары жарық көрген. Алғашқы поэмалары мен әңгімелері 30 жылдардың соңында жарияланған.

2 қабат, конференц-зал

 

20 қазан (бейсенбі)

ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған "Энергия үнемдеу: болашақ және нақтылығы" атты кітап көрмесі ашылады.

3 қабат, оқу залы

 

25 қазан (сейсенбі) сағат 17.00

Барша поэзия сүйер қауымды "Жыр-Жауһар" поэзия клубының 10 жылдығына арналған "Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін!" атты мерекелік кешке шақырамыз. 2006 жылы ақпан айында М.Мақатаевты еске алу кешінде ашылған поэзия клубы шығармашыл, поэзия сүйер жастардың және жас ақындардың басын қосты. Бүгінгі күні сол жас ақындар республикаға танымал ақын, жеке өлең жинақтарының авторлары, Қазақстан жазушылар одағының мүшелері болып табылады.

 

27 қазан (бейсенбі)

Ақын М.Айтқожинаның 80 жылдығына арналған "Сағыныштан жаралған ақын жүрек" атты кітап көрмесіне шақырамыз. Жеке жыр жинақтары 60 жылдары жарық көре бастады. М.Айтқожинаның шығармалары болгар, польша, венгер, чех және тағы басқа тілдерге аударылған. Ол Зульфияның, Назым Хикметтің, монғол, орыс, қырғыз, татар, башқұрт, венгер, украин ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

 

30 қазан (жексенбі)

"Щедрости души" атты Әдеби қонақжай клубының отырысы өтеді. Отырыс бағдарламасында оқырман-клуб қатысушыларының сүйікті кітабы бойынша саяхат жасалады.

2 қабат, конференц-зал