Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2016 жылдың 1-31 қараша күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесі
1 қараша (сейсенбі)
Жазушы Берік Шаханұлының (1941 ж.) 75 жылдығына арналған "Ізгілікті ту еткен" атты кітап көрмесіне шақырамыз.
2 қабат, абонемент
2 қараша (сәрсенбі)
7 қараша күніқоғам қайраткері, заңгер, құқықтанушы "Алашорда" үкіметінің мүшесі Жақып Ақбаевтың (1876-1934ж.ж) туғанына 140 жыл және мемлекет және қоғам қайраткері, публицист Абдолла Абдрахманұлы Асылбековтің (1896-1937ж.ж.) 120 жылдығы аталып өтіледі. Осы екі датаға орай абонемент бөлімі "Алаш ардақтылары" атты кітап көрмесін дайындады.
2 қабат, абонемент
8 қараша (сейсенбі)
"Теңге – егемендік символы" атты кітап көрмесіне шақырамыз. 1993 жылы 2 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы" Жарлығы шықты. 1993 жылы 15 қарашада теңге айналымға енгізілді, сондықтан бұл күн ресми түрде ұлттық валюта күні болып белгіленген.
3 қабат, оқу залы
10 қараша (жұма)
28 панфиловшылар ерлігіне 75 жыл. "Олар 28 еді" атты кітап көрмесіне шақырамыз.
3 қабат, оқу залы
11 қараша (жұма)
Федор Михайлович Достоевскийдің 195 жылдығына орай қалың оқырман назарына "Найти человека в человеке" атты көрме-эрмитажы ұсынылады.
Ф.Достоевскийге әдеби даңқ әкелген "Бедные люди" (1846) романы, одан кейін "Белые ночи", "Неточка Незванова" шығармалары жарық көрді. Бес жыл көрген сібір азабы, одан кейінгі қатардағы қызметтері "Записки из Мертвого дома" (1862) шығармасында көрініс тапты. 1960 жылдары Достоевский "Время" және "Эпоха" атты журналдарын шығарып,әдеби сыншы және публицист ретінде басыла бастады. Бірақ соңында жазушы көркем әдебиет саласында қалды. Оның роман жанрында жазылған басты шығармалары: "Униженные и оскорбленные" (1859), "Преступление и наказание" (1866), "Игрок" (1867), "Идиот" (1868), "Бесы" (1870-1872), "Братья Карамазовы" (1878-1880). 1873 жылы сонымен қатар Достоевский көркем шығарманың публицистикалық мақалалармен және философиялық эсселермен алмасып жатқан "Дневник писателя" шығармасын басып шығарды. Достоевскийдің идеялары Ресейдің философиялық және қоғамдық ойдың ізденуіне үлкен әсерін берді.
2 қабат, абонемент
15 қараша (сейсенбі) 11 сағат
Өнер туралы әдебиеттер бөлімінде Тәуелсіздік мерейтойына арналған іс-шара өтеді. Қаламыздың шығармашыл жастарын "Пульс времени: молодежь в искусстве Республики Казахстан" атты мерекелік кешке шақырамыз.
2 қабат, конференц-зал
18 қараша (жұма) 16.00 сағат
Шахмат сүйер қауымды "Ақ пен қара жолдарымның жолағы" атты шахмат турниріне шақырамыз.
2 қабат, конференц-зал
22 қараша (сейсенбі)
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы президентінің Институты. "Ұлы тұлғаның ұлы істері" атты кітап көрмесіне шақырамыз.
3 қабат, оқу залы
22 қараша (сейсенбі)
Қаламыздың оқу орындарында кітапханашылар 1 желтоқсан – Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мерекесіне арналған "Елін сүйген Елбасы" атты әңгімесін жүргізеді.
27 қараша (жексенбі)
Әдеби қонақжайдың "Қазақстан – оқу аймағы" атты отырысы өтеді. "1991-2016 жылдардағы Тәуелсіз Қазақстанның көркем әдебиеттері. 25 жылдағы қазақ әдебиетінің жолы" шолуы назарға ұсынылады.
2 қабат, конференц-зал
28 қараша (дүйсенбі)
Кітапхананың ақпараттық-насихаттау қызметінде нашақорлық пен ЖИТС, салауатты өмір салтына тәрбиелеу мәселелері әрқашанда ерекше орын алады. Олар кітапхана қорын толықтыруда, анықтамалық аппараттарды қалыптастыруда, көрмелер мен көпшілік шараларды ұйымдастыруда көрініс табады. Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған "СПИД – заболевание, общество, влияние" атты кітап көрмесіне шақырамыз.
3 қабат, оқу залы
29 қараша (сейсенбі)
Еліміз Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылында қиын жолдарды бастан өткерді, бірақ мемлекеттігінің қалыптасуының, ұлт бірлігін нығайтудың, нарық экономикасын құрудың айтулы белестерінен өтті. Бізде ел болып атап өтетін өзіміздің ұлттық мерекелеріміз пайда болды. 2012 жылдан бастап ерекше мереке – Тұңғыш Президент күнін атап өтіп келеміз. Бұл мереке басқа мерекелерден өзінің көпқырлылығымен ерекшеленеді.
1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні, тәуелсіз Қазақстандағы бірінші жалпыхалықтық президенттік сайлау өткен күн. Осы күні 1991 жылдың 1 желтоқсан күні тәуелсіз Қазақ елінде алғашқы президенттік сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Назарбаев халықтың зор сенімімен, яғни сайлаушылардың 98 пайыздан астам дауысымен жеңіске жеткен еді. Бұл жеңіс елдің Президентке деген ұлы сенімі мен жарқын болашаққа ұмтылған халықтың іс жүзіндегі нақты көрінісі еді. Сондықтан да 1 желтоқсан еліміздің тарихында мәңгіге сақталады.
Осы мерекеге орай кітапханада "Елбасы және Қарағанды" көрмесі ұйымдастырылады.
2 қабат, өлкетану әдебиеттері бөлімі.
29 қараша (сейсенбі)
Әлімхан Ермековтің 125 жылдығына арналған "Тәуелсіз Қазақстан және Алаш арысының мұрасы" атты дөңгелек үстелге шақырамыз.
Әлімхан Әбеуұлы Ермеков (1891-1970) ғалым, математик, мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысы көшбасшыларының бірі. 1891 жылы Теміртау болысында, Қарқаралы уезінде шаруа отбасында дүниеге келген.
Ол профессор математик атағын алған қазақ зиялылары өкілдерінің алғашқысы (1935). 1935 жылы "Ұлы математика курсы" атты қазақ тілінде оқулығы жарық көрді, 1936 жылы өзінің педагогикалық тәжірибесі негізінде жазылған "қазақ тілінің математика терминдері" атты математика терминдерінің түсіндірме сөздігі жарыққа шықты.
1939 жылы 28 ақпан күні ІІХК әскери трибуналының шешімімен Ә.Ермеков ГУЛАГ лагеріне 10 жылға айдалды. Ол лагерде отырып өзінің кінәсіздігін дәлелдеу үшін хаттар жазған. 1930-47 жылдары негізсіз сотталды. А.Ермеков 20 жылға жуық уақытын түрмеде, саяси қуғында өткізді.
1957 жылы 26 қарашада толықтай ақталды.
Өмірінің соңына дейін Қарағанды тау-кен Институтында (қазіргі ҚарМТУ) оқытушы болған.
1966 жылы "Первая кузница инженерных кадров Казахстана" атты кітабы жарық көрді. Оның есімі Қарағанды көшесіне берілді.
1970 жылы 22 маусымда дүниеден қайтты.
2 қабат, конференц-зал