Мәдени шаралар дайджесті. Желтоқсан.

Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2016 жылдың 1-31 желтоқсан күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесі

2 желтоқсан (жұма)

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған ақпараттық стенд материалдарымен танысуға шақырамыз.

1 қабат, кітапхана холлы

 

5 желтоқсан (дүйсенбі)

"Жемқорлық – қауіпті қатер" атты кітап көрмесіне шақырамыз. Бұл көрме Халықаралық жемқорлықпен күрес күні қарсаңында безендіріледі.

3 қабат, оқу залы.

 

6 желтоқсан (сейсенбі)

1986 жылғы желтоқсан оқиғасындағы Қарағанды студенттерінің қатысқанына 30 жыл толуына орай "Желтоқсан – ерлік тарихымыз" атты кітап көрмесіне шақырамыз.

1986 жылы Алматыда және Қазақстанның басқа қалаларында болған желтоқсан оқиғасы сипатына қарай және қоғамдық мәнісіне қарай ұмытылмас тарихи оқиғалар қатарына жатады және азаматтардың қызығушылығын оятады. Болған оқиға ҚР Президентінің 1991 жылғы 12 желтоқсандағы "Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы". Жарлығында көрініс тауып, оқиғаға қатысқан тұлғалар мен кінәсіз жазаланғандар толықтай ақталып шықты.

2 қабат, өлкетану әдебиеттері бөлімі.

 

11 желтоқсан (жексенбі)

ҚР Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіздік – азаттықтың алтын діңгегі" атты дөңгелек үстелге шақырамыз.

2 қабат, халықаралық кітаптар бөлімі

 

12 желтоқсан (дүйсенбі)

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында 2016 жылдың 25 қазаны мен 12 желтоқсаны аралығында Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК облыс ОКЖ бірлескен "Мен Қазақстандықпын, Қазақстан – менің мақтанышым!" атты фотобайқауын жариялаған болатын. Байқаудың мақсаты: жастар мен өскелең ұрпақ арасында патриоттық сезімін, азаматтығын, ұлттық танымын қалыптастыруға, отансүйгіштікке тәрбиелеу, ел тарихын құрметтеуге, өткені мен болашағына мақтанышпен қарауға тәрбиелеу. Байқау келесі тақырыптарды қамтиды:

  •          "Мәңгілік Ел – бұл біздің өмірбаянымыз";
  •          "Тәуелсіз Қазақстан ескерткіштері";
  •          "Тәуелсіздік символымен селфи";
  •          "Тәуелсіздіктің бір сәті";

"Мен Қазақстандықпын, Қазақстан – менің мақтанышым!" фотобайқауының үздік жұмыстарының фотокөрмесін тамашалауға шақырамыз.

3 қабат, оқу залы

 

12 желтоқсан (дүйсенбі)

Қарағандылықтар мен қала қонақтарын "Тәуелсіздік қарағандылықтар көзімен" атты мерекелік кешке шақырамыз. Кештің басты міндеті – Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан мен Қарағанды облысының жетістіктерін көрсету болып табылады. Кешке ғалымдар, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, Қарағанды облысының мәдениет, архив және құжаттама, денсаулық сақтау, экономика, дене шынықтыру және спорт басқармалары, жеке кәсіпкерлер, оқу орындарының студенттері қатысады.

3 қабат, оқу залы

 

14 желтоқсан (сәрсенбі)

"Независимость Казахстана: годы мира и созидания" және "Астана – жаңа ғасыр қаласы" атты кітап көрмелерін тамашалауға шақырамыз.

 

23 желтоқсан (жұма)

Өлкетану бөлімі "Жас өлкетанушы" үйірмесінің "В названиях улиц живет история" атты кезекті отырысына шақырады.

2 қабат, өлкетану бөлімі