Облыстық фотосуреттер байқауының қорытындысы

Қазақстан Республикасының 25 жылдығын атап өту шараларының аясында Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы облысымыздың орталықтандырылған кітапханалар жүйелерімен бірлесе отырып, "Мен - Қазақстандықпын, Қазақстан - менің мақтанышым!" фотосуреттер байқауын өткізді.

Фотосурет байқауын ұйымдастырушылар :

  • Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы;
  • Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы;
  • Қарағанды облысының орталықтандырылған кітапханалар жүйелері.

Байқаудың мақсаты:

Жастар мен өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиемен сусындатып, оларды егемен еліміздің ертеңгі тұтқасы болуға дайындау;

Байқау келесі тақырыптар аясын қамтыды:

  • "Мәңгілік Ел – бұл біздің ғұмырымыз"
  • "Тәуелсіз Қазақстанның ескерткіштері";
  • "Тәуелсіздік нышандары жанындағы селфи";
  • "Тәуелсіздік – қас-қағым сәт".

Фотосуреттер байқауы туралы ақпарат облысымыздың ОКЖ сайттарында және кітапханалардың әлеуметтік желілердегі парақшаларында берілді (facebook, VK, Instagram). Фотосуреттер электрондық нұсқада орталық қалалық және орталық аудандық кітапханалардың электрондық пошталарына қабылданды.

Байқау шарты бойынша 1- кезеңде фотосуреттер кітапханалар сайтына және әлеуметтік желідегі парақшаларға салынып, онлайн-дауыс беру арқылы бағасын алды.

2- кезеңде үздік  фотосуреттер Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханалар дамыту бөлімінің facebook парақшасында жарияланып,  ең көп "лайк" жинаған жеңімпаздардың үздік 20 жұмысы анықталды.

Конкурс жеңімпаздарының көрмесі Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ұйымдастырылды және кітапхананың facebook https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1356207104422746&id=1148258605217598 парақшасында  үздік фотосуреттерді тамашалауға болады.