Мәдени шаралар дайджесті. Қаңтар.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2017 жылдың 1-31 қаңтар күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

4 қаңтар (сәрсенбі)

 Ағылшын жазушысы Дж. Рональд Руэл Толкиннің 125 жылдығына арналған "Властелин игры" атты көрмеге шақырамыз. "Высокого фэнтези": "Хоббит, или Туда и обратно", "Властелин колец" и "Сильмариллион" классикалық шығармаларының авторы ретінде танылған.

2 қабат, абонемент.

 

5 қаңтар (бейсенбі)

Өнер туралы әдебиеттер бөлімі кітапхана оқырмандарын "Асыл винил" атты пластинкалар көрмесін назарларыңызға ұсынамыз.

3 қабат, өнер туралы әдебиеттер бөлімі

 

8 қаңтар (жексенбі)

ХХ ғасырдың басындағы қоғам қайраткері, ақын, ағартушы, журналист, педагог М.Сералиннің 145 жылдығына орай әңгіме өткізіледі.

2 қабат, абонемент.

 

9 қаңтар (дүйсенбі)

Кітапханамыздың оқу залында мемлекет қайраткері, ғалым, академик Д.А. Қонаевтың 105 жылдығына арналған "Қазақстан тарихындағы дара тұлға" атты кітап көрмесі ашылады.

3 қабат, оқу залы.

 

12 қаңтар (бейсенбі)

Ақын Дәуітәлі Стамбековтың 70 жылдығына арналған "Жан еді өмір сүрген өлеңменен" атты кітап көрмесіне шақырамыз

2 қабат, өлкетану бөлімі.

 

16 қаңтар (дүйсенбі)

Орыс жазушысы, аудармашы, әдебиеттанушы В.В. Вересаевтың 150 жылдығына арналған "Весомая "капелька" атты көрме материалдарын назарларыңызға ұсынамыз.

2 қабат, абонемент

 

22 қаңтар (жексенбі)

Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәкімбек Салықовтың (1932-2013ж.ж.) 85 жылдығына арналған "қазақтың жез қанатты жез киігі" атты кітап көрмесіне шақырамыз.

2 қабат, абонемент.

 

24 қаңтар (сейсенбі)

Алматы қаласындағы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың ашылуына орай "Қазақстанның спорттағы жетістіктері" атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.