Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК-ның Негізгі қорларды сақтау бөлімінде сирек және құнды кітаптар топтамасы бар. Ол қорда 2000-дай дана басылым бар. Солардың кіші форматтағы(малютка) кітаптардың бірі Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылы жарық көрген 257 беттен тұратын «Еркін елдің ертеңі» атты жинақ кітабы. Жинаққа Елбасының бірлік, адамгершілік құндылықтар, қазақстандық патриотизм, мемлекет,жаһандану, саясат пен экономика , өркениет туралы таңдамалы нақыл сөздері, ой толғаныстары мен тұжырымдары енген. Жинақ үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) басылған. Кітаптың мұқабасы берік, жиектері алтынмен көмкерілген. Кітап:
"Отанды сүю – суығына шыдап, ыстығына күю"
"Жер тағдыры – ел тағдыры"
"Өткенге қарап, ертеңіңді түзе"
"Мемлекет мерейі – мығымдығында" атты төрт бөлімнен тұрады.
Мәселен, бұл кітапта оқырман қауымға ой саларлық өсиеттер мен нақыл сөздердің көңілге қонымдысын тізе кеткенді жөн санадық:
- Мемлекетіміздің діңгегі – қазақ халқы. Ел де, жер де – қазақтікі. Ел болудың ұяты да біздің жұрттың мойынында.
- Рухы еркін халық қана ұлы істерді атқара алады.
- Өз халқын сүйген адам ғана оның тағдыры үшін күйе алады.
- Сіздерге міндетті түрде сапалы білім алу керек, ол сіздерге сенімді іргетас бола алады.
- Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі – тіл.
- Біздің жастарымыз Отанға адалдықпен оны қорғау, адал болуы жөнінен бабаларынан, аталарынан үлгі алса игі деген ойларын жас буындардың жүрегіне жеткізе білді.
Қорыта келгенде, Елбасының бұл еңбегінің негізгі идеясы елдің ертеңі жастар екенін ұмытпайық!
Сіз бұған не дейсіз, оқырман қауым?