Мәдени шаралар дайджесті. Наурыз.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2017 жылдың 1-31 наурыз күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

2 наурыз (бейсенбі)

«Әйел – отбасының да, отанның да ұйытқысы» атты кітап көрмесінің материалдары 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесінің тарихы жайлы, ел дамуына зор үлес қосқан әйелдер мен қарапайым аналар туралы баяндайды.

3 қабат, оқу залы

 

6 наурыз (дүйсенбi) сағат 14.00

Абонемент бөлімі қазақ әдебиетшісі, ақын, ғалым Т.Айбергеновтің 80 жылдығына арналған «Бір тойым болатыны сөзсіз менің...» атты әдеби-музыкалық кешке шақырады.

2 қабат, конференц-зал

 

12 наурыз (жексенбі) сағ. 12.00-де.

«Жыр -Жауһар» поэзия клубы мен Әдеби қонақжайдың Наурыз мерекесіне арналған біріккен отырысы өткізіледі.

2 қабат, конференц-зал

 

13 наурыз (дүйсенбі) сағ. 15.00-де.

Қазақстан Республикасы Конституциясына түзетулер енгізу жобасына арналған дөңгелек үстелге шақырамыз.

2 қабат, конференц зал

 

13 наурыз (дүйсенбі)

Жемқорлық мәселелеріне арналған әдебиеттер мен мақалалар жинақталған «Жемқорлық індет, жою міндет» кітап көрмесіне шақырамыз.

2 қабат, абонемент

 

13 наурыз (дүйсенбі)

Кітапхана оқырмандары мен қонақтарын «Әз Наурыз - бірлік пен береке бастауы» атты мерекелік кітап экспозициясына шақырамыз.

2 қабат, абонемент

 

15 наурыз (сәрсенбі)

Жазушы, публицист, қоғамдық қайраткер В.Г. Распутиннің 80-жылдық мерейтойына арналған «Загадка и правда образа» атты көрме-шолуға шақырамыз.

2 қабат, абонемент

 

15 наурыз (сәрсенбі)

Көрнекті әдебиет зерттеушісі, сыншы, академик Серік Смайылұлы Қирабаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Сан қырлы Қирабаев» атты кітап көрмесіне шақырамыз.

Серік Смайылұлы Қирабаев 1927 жылы 23 наурызда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу ауылында туған.

Қазақ әдебиетінің өзекті мәселелеріне арналған сын мақалалары мен рецензиялары 1948 жылдан бастап жарық көре бастады. Содан бергі уақытта 700-ден астам әдеби сын, ғылыми мақалалары мен еңбектері жарық көрді.

1952 жылдан бері қазақ әдебиетінен орта мектепке арналған (IX-X сыныптар) оқулықтар жазумен шұғылданып келеді.

Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар Достығы» ордендерімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2005), «Отан» орденінің иегері (2007).

Ол КСРО Жоғарғы Аттестациялық Комиссияның сараптамалық кеңесінің мүшесі, Қазақстан ЖАК-тың төралқа мүшесі, Қазақ энциклопедиясының редакция алқасының мүшесі және әдебиет жөніндегі кеңестің төрағасы болған. КСРО Жазушылар одағы басқармасы тексеру комиссиясының, КСРО Жазушылар одағы жанындағы Сын кеңесінің мүшесі, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының мүшесі, одақтың хатшысы, төралқа мүшесі, сын кеңесі төрағасы болып бірнеше жыл істеген. Көп жылдар бойы Қазақстан Білім министрлігі жанындағы оқу-әдістемелік кеңесінің әдебиет секциясының төрағасы ретінде орта және жоғары мектепке арналған оқулықтар мен бағдарламаларды жаңғырту, жетілдіру ісіне басшылық жасады.

«Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар Достығы» ордендерімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2005), «Отан» орденінің иегері (2007).

2 қабат, өлкетану бөлімі

 

15 наурыз (сәрсенбі) сағ. 15.00-де.

EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі қарсаңында кітапханамызда «EXPO-2017. Қарағанды бренді: дәстүрден жаңашылдыққа» атты кеш-презентация өтеді.

Ұйымдастырылатын шара барысында кеш қатысушылары көрменің негізгі мақсаты, өткізілу кезеңі, қарағандылықтардың көрмеге ұсынатын жаңашыл идеялары туралы ақпаратпен таныса алады.

Кешімізге «EXPO-2017» көрмесіне жобаларын ұсынатын зерттеуші-ғалымдар, қолөнер шеберлері қатысады деп күтілуде.

2 қабат, конференц зал

 

16 наурыз (бейсенбі)

Наурыз мерекесі қарсаңында «Наурыз – құт береке бастауы» кітап көрмесіне шақырамыз.

 

19 наурыз (жексенбі)

«Ұлыстың оңы, ырыстың молы - Наурызым» атты дөңгелек үстелге шақырамыз.

2 қабат, конференц зал