О, аналар, осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасың-дағы, кәрің де.
Сыйынатынболсаөмірдеқұдірет,
Сыйынар ем анадегентәңірге.Шамкенов А.
Ана. Үш-ақ әріптен құралған «Ана» сөзінің астарында үлкен мән жатқанын кез-келген саналы азаматтың ұғынары сөзсіз. Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің бұлағы Анадан қасиетті, киелі ештеңе жоқ. Әлемге әйгілі ақын-жазушылар мен ғұламалардың Ана жайлы тебіреніп жазып қалдырған асыл сөздері қаншама...
Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Өмірде ананың ыстық мейірімге толы жылы құшағын аңсамайтын адам бола қоймас, сірә!Ана қуанышы, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Ал біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының берек-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі.
Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, өз перзентін асылым, алтыным, жасыл желек жарқыным, аспандағы жұлдызым, маңдайдағы құндызым деп, аман болсын бастары, ұзақ болсын жастары деп күні-түні, өмір бойы перзентінің тілегін тілейді. Керек десеңіз жанын да беруге әзір тұрады. Не деген құдіретті мейірім десеңізші...
Міне, жүрдек уақыттың жетегіне ілесіп, көктемнің алғашқы айы – наурыз айына да келіп жеттік. Ақ жаулықты аналар, аяулы арулар сіздерді шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын!