Мәдени шаралар дайджесті. Маусым.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2017 жылдың 1-30 маусым күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

1 маусым  (бейсенбі) 13.00-де

Бұл күні кітапхана қызметкерлері мен қонақтардың балаларына арналған қызықты мерекелік іс-шара ұйымдастырылады.

1 қабат, кітапхана холлы

 

1 маусым  (бейсенбі)

«Бала – біздің бақытымыз»: 1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған кітап көрмесіне шақырамыз.

2 қабат,  абонемент

 

1 маусым (бейсенбі) 10.00-де

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арнап кітапхана ұжымы дайындаған «Менің туым!» атты флеш-мобқа қатысуға шақырамыз.

Кітапхана алаңы

 

1 маусым  (бейсенбі)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған «Мемлекеттік рәміздер – қасиетті нышан» атты кітап көрмесіне шақырамыз.

3 қабат, оқу залы

 

6 маусым (сейсенбі)

Астана қаласында өтетін EXPO Халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына орай ұйымдастырылған «EXPO – 2017»: Қазақстан мерейі» атты кітап көрмесіне шақырамыз.

3 қабат, оқу залы

 

8 маусым (бейсенбі) сағ. 11.00-де

Жазғы Оқу қаласының ашылуы. Аптасына 2 рет сейсенбі және бейсенбі күндері қаламыздың тұрғындары Мәңгілік алау алаңындағы саябақта кітаптар мен журналдар оқу мүмкіндігіне ие болады. Өткен жылдардағы дәстүр бойынша буккроссинг, балаларға арналған әртүрлі ойындар мен викториналар ұйымдастырылады. Тамыз айының соңына дейін өткізілетін Жазғы Оқу қаласы «Кітаппен өткен жаз қызық!» ұранында өткізілмек.

Мәңгілік алау алаңындағы саябақ

 

9 июня (жұма)

Белгілі ақын Н. Оразалиннің 70 жылдық мерейтойына арналған «Арнасына сыймай алқынған бұлақ» атты кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз. Ақын, драматург, Жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин 1947 жылғы 13 маусым күні Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Көптеген поэтикалық кітаптардың авторы. Нұрлан Оразалин – Мемлекеттік сыйлықтың Лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Алматы қаласының және Алматы облысының Құрметті азамат, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері.

2 қабат, абонемент

 

19 маусым (дүйсенбі)

Халықаралық нашақорлықпен күрес күнінің қарсаңында «Нашақорлық – ғасыр нәубеті» кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.

3 қабат, оқу залы

 

20 маусым (сейсенбі)

С. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының 85 жылдық мерейтойы мен ҚазКСР-інің халық артисі Мүлік Сүртібаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Арқадағы киелі өнер шаңырағы» атты кітап көрмесіне шақырамыз.

2 қабат, өлкетану бөлімі