Ғаламның ғажайып жерлері

Жадырап жаз мезгілі де келіп жетті. Жаз – қызықты демалыстың, сан түрлі саяхаттың уақыты. Алда-жалда алысқа сапар шеге қалсаңыз, қаперіңізде жүрсін деген мақсатпен, біз де бүгін Ғаламның ғажайып жерлерін топтастырып, оқырманға ұсынуды жөн көріп отырмыз. Сонымен...

Егер сіз Бразилияға бара қалсаңыз, Вале да Луа деп аталатын айрықша тау түзілістеріне міндетті түрде соғуыңыз керек. . Мұнда көп жылғы жер қыртысының қалыптасуы нәтижесінде, табиғи хауыздар пайда болған. Жергілікті тұрғындар күн ыстығынан құтылу үшін осында асығады.

Қиыршығыс елі Жапония да көрікті жерлерден құр алақан емес. Беппу жүйесін құрайтын қанды көлшіктің суы жыл 12 ай ыстық күйінде сақталады. Суының қызғылт сары болуын ғалымдар су құрамында темірдің шамадан тыс көп болуымен байланыстырады.

Кезекті табиғат ғажайыбының бірі Мәуереннахрдағы Ришат құрылымы. Басқа бір атауы – Сахара көзі. Оның жүзік секілді домалақ болуын метеориттің құлауымен байланыстарғандар да бар. Дегенмен, қазіргі ғалымдар тастардың бірте-бірте ыдырауын себеп қылып отыр. Ришат – әлемдегі ең жұмбақ табиғи құбылыстардың бірі.

Африкада орналасқан Сокотра аралын көрген де, көрмеген де арманда. Арал құрлықтан 6 миллион жыл көлемінде бөлініп, құрғақшылыққа қарамастан, өзгеше климат қалыптастырған. Мұндағы кейбір өсімдіктердің жасы 20 миллион жылдан асып жығылады.

Испаниядағы Рио Тинто карьері. Көп жылғы қазба жұмысы нәтижесінде, бұл жер ай көрінісін елестетеді. Өзен түрлі металлдар қоспасынан өзгеше түске боялған. Туристердің көп қатынайтын сүйікті мекендерінің бірі.

Табиғат – жаратылыстың ғажап туындысы. Табиғатта болып жатқан алуан түрлі оқиғалар желісі, алуан түрге енетін әуе кеңісі, қызылды-жасылды түзілген ағаштар жемісі бәрі-бәрі адам баласының таңдайын қағып, таңқалдыратыны сөзсіз. Міне, сондықтан да адамзаттың табиғатты жырлауға шеберлігі, табиғатпен сырласатын көрегендігі осының айғағы.

Қанша десек те, табиғаттың күйін, әсем формасын, қазынаға толы қоймасын көрсек жанымыз тойғысыз, жырласақ, айтсақ та тіл жеткісіз. Тылсым табиғаттың құпия сырларына үңіле түсіп, қаныққан сайын оның құпиялылығы толассыз ілгері жылжи береді.

Абонемент бөлімі