"Витамин" деген терминді 1912 жылы поляк оқымысты-химигі Каземир Функ ұсынды: витамин – vita+min, яғни «өмірлік қажетті амин» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі тілдік қолданыста витамин сөзін дәрумен деп айтып жүрміз.
Бүгінде дәруменнің 13 түрі немесе тобы қолданыста жүр. Олар май ыдыратқыш – А, Д, Е, К және су ыдыратқыш – С және В тобының дәрумендері.
Д, К, және В3 дәрумендерін біздің ағзамыз өз бетінше бөліп шығарады, ал қалғандары ағзаға тағам арқылы енеді.
А дәрумені көз бен бауырды қорғайды, жараның тез жазылуына ықпал етеді. В тобының дәрумендері зат алмасуына әсер етеді, жүйке жүйесінің қызметін реттейді. С – ағзаның жұқпалы ауруларға қарсылығын күшейтеді. Д – сүйекті қатайтады, Е – қартаюды тежейді.
С дәруменіне қажеттілікті қанағаттандыру үшін әр адам күніне 5-6 түрлі көкөніс пен жеміс жеуі қажет. Оларды салат түрінде де қолдануға болады.
Дәріханалардағы қапталған, түйіршіктелген жартылай дәрумендер өздерінің пайдалы қасиеттерін 2 жылдан 7 жылға дейін сақтайды екен.
А дәрумені –Ретинол.
Дәрумен көру үшін қажетті болып табылады, және ретин қышқылына түрленген кезде, терінің денсаулығы мен сүйектің өсуі үшін қажет болып табылады. А дәрумені сары немесе қызыл жемістер мен көкөністерде, әсіресе сәбізде (каротин) кездеседі. Ол майда ериді, сондай-ақ балық майында және бауырда кездеседі.
В1 дәрумені – Тиамин
В1 дәрумені Тиаминді нан, жарма мен макарон өнімдері, шошқа еті, жұмыртқа, асбұршақ, бадана және соя бұршағы тәрізді өнімдерден алуға болады.
B2 дәрумені- Рибофлавин
В2 дәруменінің қайнар көзі сүт, ірімшік, жапырақты көкөністер, бауыр, бүйрек, бұршақ өсімдіктері (асбұршақ пен бадана), саңырауқұлақтар және бадам болып табылады.
В3 дәрумені – Никотин қышқылы немесе Никотинамид
В3 дәрумені (РР) жануар тегінен жасалатын өнімдерде, әсіресе, тауықтың, күркетауықтың, қойдың етінде, албыртта және тунецте жиі кездеседі, сондай-ақ жемістер мен көкөністерде аздап кездеседі.
В12 дәрумені – Цианокобаламин
В12 дәруменінің қайнар көзі ет (әсіресе бауыр), сүт, жұмыртқа және балық болып табылады.
С дәрумені – Аскорбин қышқылы
С дәрумені балғын жемістерде, әсіресе цитрусты жемістерде және көккөністерде кездеседі. С дәрумені итмұрын, қарақат, пияз, қызанақ, картоп, капуста, алма, апельсин, бүлдірген, қарбыз, сәбіз, қияр, жүзім, алмұрт, асқабақ құрамында болады.
Д дәрумені - Кальциферол
Д дәруменінің қайнар көзі – күн сәулесі әсер еткен тері. Дегенмен де жұмыртқа, сары май, қаймақ, сүт, саңырауқұлақ, балық майы құрамына енеді. Д дәрумені кальций мен фосфордың алмасуын реттеуге қажет. Ауасы лас қалаларда тұратын адамдарда ультракүлгін сәуле жетіспейді, сол себептен оларда ауыл тұрғындарына қарағанда, Д дәрумені тапшы.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы ұсынғандай, күніне жеміс-жидектер мен көкөністердің кем дегенде 5 порциясын қабылдаған дұрыс: екі жеміс-жидек порциясы және үш көкөніс порциясы. Мұндай мөлшерде ағза қажетті дәрумендер мен минералды заттарды ала алады. Түрлі түсті жеміс-жидектер мен көкөністер болса, тіпті жақсы болады.
Сейдигазимова Шынар, мерзімді басылымдармен жұмыс бойынша секторы