Қазіргі таңдағы қоғамдағы адамдардың оның ішінде әсіресе жастардың кітаптан көрі компьютерді таңдайтындығы жайлы жиі айтылады. Өкінішті болса да, бұл шындық, дегенменде ешбір техника кітаппен оқырманның арасындағы байланысты аламастыра алмайды. Бүгінде оқырман қауым іздегенін оңай табатын заман. Сол себептен қазіргі заманғы кітапханалар үшін пайдаланушылардың сұранымдарын қамтамасыз ету, байланысын, белсенділігін арттыру өте маңызды болып табылады.
Кітапхана мен пайдаланушы арасындағы сара жол үзілмес үшін еліміздің әр кітапханаларының тарапынан «Online кітап ұзарту», «Online қабылдау», «Электронды католог», «Jivochat - онлайн оператор», «Кері байланыс» секілді қызметтер жүргізіледі. Аталмыш қызмет түрлерімен мен студенттік кезімде, қазір қызмет етіп отырған кітапханада, яғни Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына келіп жиі пайдаланған болатынмын. Ғимаратта қанша кітап, қандай автор, қай кітап деген сауалдардың жауабын өзіміз ақ жеңіл таба аламыз. Іздеген кітабымның кітапхана қорында барын білу үшін «Электронды католог» қызмет түрін қолдандым. Бұл қызмет түрінде қалаған кітабыңды еш қинындықсыз автор, кілт сөз, кітаптың басылып шыққан жылы, тақырыбы бойынша тауып аласың.
Бұрын біз қалаған кітабымызды кітапханашылардың көмегімен ғана қарай алатынбыз. Ғылым мен техника дамыған заманда ол мәселе алыста қалды. Ал, кітапханадан алған кітабымның уақытын ұзарту үшін «Online кітап ұзарту» қызметін пайдаландым. Бұл қызмет түрі пайдаланушыларға өте ыңғайлы себебі, пайдаланушы қаланың бір шетінен екінші шетіне барып уақыт жоғалтпай, үйден шықпай-ақ сайттың көмегімен қызмет түрін пайдалана алады. Тағы да бір маған пайдасы тиген тиімді де жаңаша қызмет түрін айта кетсем, ол «кері байланыс» деп аталады. Заманауи кітапханалардың барлығының дерлік сайттарында «кері байланыс» қызметі бар. Облысымыз бойынша атап кетсем Балқаш, Шахтинск, Теміртау, Қаражал, Бұқаржырау, Осакаровка, Шет орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, Сәтпаев жасөспірімдер кітапханаларында жұмыс жасайды. Аталмыш қызметтің тиімділігі жайлы тоқталар болсам, мұнда мен арнайы бағанға өз телефон номерімді және өзіме ыңғайлы уақтты таңдап сұраныс қалдырамын, сұраныс берлген уақыт ішінде кітапханшы маған хабарласып, осылайша мен өз сұранымымды қамтамасыз еттім. Жоғарыда аталған қызмет түрлерінің қайсы бірі болмасын, кез келген пайдаланушыға өте тиімді деп ойлаймын.
Кітапхана - оқырман қауым үшін үлкен тәрбие мектебі. Қазіргі таңда оқырманның оқуға құштарлығын арттыру, жастардың кітапханаға деген қызығушылығын тудыру мақсатында кітапханаларда әртүрлі іс-шаралар мен түрлі заманауи қызметтер жүргізілуде. Бүгінгі күннің жетістігі осы. Бұл қызмет түрлерімен пайдалансаныз және біздің кітапхана тарапынан көрсетілген қызметі жайлы, тиімділігі немесе алып қосар ойларыныз болса төменде өз піріклеріңізді қалдырсаңыздар болады.
Кітапханаларды дамыту бөлімінің қызметкері Еділбай А.Қ.