Меніңше, құпия көмбелер мен қазына іздеушілер тек ерте заманда болған сияқты. Бірақ энтузиаст замандастарымыздың қалауымен қазіргі таңда жер беті жасырылған қазына-көмбеге толы. Геокэшинг - жоғары технологиялар ғасырында ойлап табылған заманауи ойын.
Адамзаттың тарихына үңілсек құпия көмбелерді іздеуде тылсым дүниенің сыры бар сияқты. Барлық кезде қазына іздеу адамзат үшін қызықты кәсіптің бірі болған. Тек интернет мен спутниктік навигация пайда болуымен ол кейбір адамдар үшін ойынға айналды.
Геокешинг (geocaching от греч. geo — Жер и англ. cache — жасырын) — жаһандық саяхат ойыны, оған кез-келген адам қатыса алады. Ойынның мәні жасырын қойманы іздеп табу: ойынға қатысушы біреулер құпия қойманы жасырып, географиялық координаталарын анықтап Интернетте жария етеді. Ал басқалары көрсетілген координаталар арқылы GPS қабылдағыш көмегімен құпия қойманың орнын анықтайды.
Алғашқы рет геокешинг ойыны 2000 жылы Америкада пайда болды. Дэйв Алмер деген азамат үйінің жанындағы тоғайға қойма жасырып, оны табуды ұсынды. Сол жылы ол интернетте геокешинг сайт ойының жария етіп, geocaching.com доменің тіркеді. Содан соң Grounded, Inc компаниясын құрып, геокешинг ойынын коммерциялық жоба ретінде жасауға кірісті. 2000 жылдары әлемнің әр түкпірінде геокешингқа арналған серверлер және сайттар пайда бола бастады. Ресей мемлекетінде геокешинг ойыны 2002 жылы танымал болды. А.Заславский, Д.Коровин және С.Пуяндайкиндар американдық сайттан ойын туралы оқып, ресейлік ойыншыларға осындай сайт ұйымдастырды. Ресейлік ойынның нұсқасы бойынша қойманың міндетті түрде мәдени, табиғи немесе тарихи құндылығы болуы тиіс еді. Осылай геокешинг спорттық ойынынан өлкетану туралы ақпарат алмасу ойнына айналып, білім беру саласында және кітапханаларда жиі өткізілетін болды.
Кітапхана оқырмандары өздері белсенді түрде қатысатын геокешинг ойыны қызықтырады. Сондықтан бүгінгі кітапхананың алдына қойған мақсаты бар мүмкіндікті пайдалана отырып, геокешинг ойының әртүрлі өткізу, оның ішінде: виртуалды саяхат - туған өлкенің табиғи аймақтарын, жануарлар және өсімдіктер әлемін, жер асты байлығын таныстыру; «Әдеби геокешинг» (көркем әдебиет туындыларындағы бейнеленген сұлу табиғат жерлеріне бару - тылсым табиғаттың құпия сырларына үңіле білуге, оның құпиялылығын түсіне білуге үйретеді); «Қаладағы геокешинг» (қаланың ең көрікті жерлері мен тарихи ескерткіштерімен танысуға мүмкіндік береді); «Кітапханадағы қазына» (берілген объектілерді іздеу, сұрақтарға жауап беру, ал барлық тапсырмаларды орындауға жасырылған кітаптар көмектеседі) және т.б.
Осындай іс шаралар оқырмандардың уақытты барынша ұтымды өткізуге және бір-бірімен бетпе-бет қарым-қатынас орнатып, Отан, ел, туған жер туралы білімдерін толықтыруда септігін тигізуде.
Кітапханаларды дамыту бөлімі А.К.Карашова