Төкен Әлжантегі өкен Әлжантегі 1953 жылы 9 сәуірде Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентінде туған.
Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Т. Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, Халықаралық конкурстың проза жанры бойынша жеңімпазы.
Еңбек жолын 1974 жылы Ақадыр аудандық "Ақадыр таңы" газетінде жауапты шығарушы қызметтен бастап, кейіннен қалалық, облыстық газеттерде түрлі жұмыстар атқарған. Бірнеше прозалық кітаптардың авторы. Оның қаламынан туған «Қым-қиғаш тіршілік», «Ақ-қараның арасы», «Сегіз сері», «Сарбас ақын» романдары әдеби сын тырапынан, жалпы қалың оқырман қауымнан жоғарғы бағаға ие болған. «Періштелер жерде ғұмыр кешпейді» драмасы Семейдің Абай, Атыраудың Махамбет, Қарағандының С. Сейфуллин атындағы және басқа театрларда сахналанған. Ән шығарумен де әуестенеді. «Жаңаарқа вальсі», «Қызылтас», «Тым кештеу жолықтық па...» әндерін Қазақстанға танымал әншілер орындап жүр.
Төкен Әлжантегінің шыққан кітаптарына шолу жүргізер болсақ:
- «Армысың, ару күн!» (әңгімелер), Алматы, «Жалын», 1987 ж.
- «Ашық сабақ» (повестер мен әңгімелер), Аматы, «Жалын», 1991 ж.
- «Қым-қиғаш тіршілік» (роман және хикаяттар), Астана, «Елорда», 2000 ж.
- «Ақ-қараның арасы» (хикаяттар, әңгімелер және роман), Алматы, «Үш қиян», 2002 ж.
- «Жартастан жеткен жаңғырық» (хикаяттар, драма), Алматы, «Үш қиян», 2004 ж.
- «Сегіз сері» (роман), Алматы, «ҚАЗақпарат», 2006 ж.
- «Сарбас ақын» (роман), Алматы, «ҚАЗақпарат», 2007 ж.
- «Жалғанның жанды қуыршақтары» (хикаяттар), Қарағанды, «Дара», 2007 ж.
- «Тіріде тірнек таусылмас» (әңгімелер), Қарағанды, «Дара», 2007 ж.
- «Ән-ғұмыр» (әдеби-деректі хикаят), Алматы, «ҚАЗақпарат», 2010 ж.
- «Саусағынан саз сауған» (әдеби-деректі хикаят), Алматы, «Үш Қиян», 2012 ж.
- «Арландар апанында өлмейді» (повестер), Астана, «Фолиант», 2014 ж.
- "Егіз арна" Алматы, "Хантәңірі", 2015 ж.
- «Періштелер жерде ғұмыр кешпейді» - пьесасы Қарағанды, Атырау, т.б. облыстық театрларда сахналанған.
Бірнеше бәйгелердің де жүлдегері болғаны белгілі:
- Т. Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, 1998 ж.
- Қарағанды облысы әкімінің «Жыл жазушысы» сыйлығының лауреаты, 2000ж.
- Проза жанырынан «Қазақстан әдебиеті-2000» Халықаралық конкурсының жеңімпазы, 2000 ж.
- Махмұд Қашқари атындағы Түрік тілдес елдер әдебиеті Халықаралық бәйгесінің жүлдегері, 2012 ж.
- Драматургтердің Республикалық бәйгесінің жүлдегері, 2012 ж.
- "Тәуелсіздік тұғыры" Республикалық бәйгесінің жүлдегері, Шымкент, 2016 ж.
- Р. Отарбаев ат. қор ұйымдастырған әңгіме жанрынан Республикалық бәйге жеңімпазы, Атырау, 2017 ж.
Ақынға 1998 жылы «Жалғыздан қалған тұяқ» повесі үшін Т.Айбергенов атындағы сыйлық берілген екен және «Қазақстан әдебиеті —2000» конкурсының проза саласы бойынша жеңімпазы атанған. Сонымен бірге бірнеше әндердің авторы.
Төкен Әлжантегі мырзаны 2017 жылғы «Жылдың үздік балалар және жасөспірімдер әдебиеті «ДАРАБОЗ» номинациясының жеңімпазы атануымен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз. Игілікті істеріңіз тек жемісті болып, биіктерден көріне беріңіз.
Ілімбай Мөлдір, Ақпаратты-сервисті қызмет көрсету секторы