Елбасы "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы ісқағаздар мен оқулықтар да осы кәріппен жазылуы тиіс екенін мәлімдеген болатын. Осыған орай Қарағанды облыстық Н. В. Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы "Кітапханаға латын әліпбиіндегі кітап сыйла" акция жариялаған болатын. Акциямыздың нәтижесінде кітапхананың "Сирек және құнды кітаптар" қоры латын әліпбиіндегі ХХ-ғасырдың басында басылып шыққан латын әліпбиіндегі бес кітаппен толықты. Олар:
- Батырлар. Богатырский эпос. - Алма-Ата : Казахстанское издательство художественной литературы, 1939.
- Кунанбаев Абай. Избранные стихотворения. – Алма-Ата : Казахстанское издательство художественной литературы, 1939.
- Островский Николай. Как закалялась сталь. - Алма-Ата : Казахстанское издательство художественной литературы, 1938.
- Лондон Джек. Белый клык. - Алма-Ата : Казахстанское издательство художественной литературы, 1938.
- Prof. I.I.Sokolov. Fizika kursь. – Alma-Ata : Qazaq memleket baspasь, 1940.
Аталмыш шараға рухани байлықты келесі ұрпаққа мұра етіп тапсырғандар: Алматы қаласынан Баян Кәрібайқызы Барманқұловаға, Шәйкенова Ләззат Шаймұратқызы, Қарқаралы ауданы Қасым ауылынан Оспанқұлов Мақсат Зейнелұлына, сондай-ақ Егіндібұлақ селосынан Қадыров Дәулетбек Қадырұлына, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Ошақбай Суханберліұлы Суханберлинге алғысымыз шексіз.
Негізгі қорларды сақтау бөлімінің басшысы: Оспанқұлова Б.З.