Ақпарат

2018 жылдың 15 қаңтар күні Тәттімбет атындағы өнер колледжінде «Туған жер» бағдарламасы негізінде моральдық‑патриоттық тәрбиені дамыту=Развитие нравственно‑патриотического воспитания на основе прогарммы «Туған жер» атты ақпараттық сағат өткізілді.  Ұстаздарға танымдық бағытта өткізілетін бұл шара – Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауынан басталып, тақырыпқа байланысты ұстаздар қауымына кітапханамыздың қорындағы кітаптар мен мерзімід басылымдар таныстырылды. Сонымен қатар, жолдаудағы басты бағыттар талқыланып, оның ішінде «Адами капитал‑ жаңғыру негізі: Білім берудің жаңа сапасы» атты бөлімге басты назар аударылды.

2017 жылғы 12 сәуір күні жарияланған Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы негізінде іске асырылатын «Туған жер» бағдараламасы ақпарат сағаттың  екінші бөлімінде қарастырылып, осы тақараптағы қорымыздағы әдебиеттер мен мерзімді басылымдар ұсынылды. Оның ішінде:  «Ұлт тарихындағы ұлы белес», «Туған жер – тұғырың» атты кітаптарға шолу жасалды. Сонымен қатар «Педагогика», «Психология», «Топ жетекшісі» кітаптары ұстаздарға бұл бағытта  мол мағлұмат беретіндігі айтылып, салт – дәстүріміз бен мәдениетімізді, өнерімізді танытатын «Мәңгі ел», «Дәстүр», «Аңыз адам», «Қазақстан тарихы», «Театр» атты журналдарды колледж оқытушылары мен студенттеріне ұсынылды.

Ақпараттық сағатты қорытындылай келе, кітапхана қызметкерлері кітапханада көрсетілетін қызмет түрлері, оның ішінде onlinе түрдегі қызметтер туралы ақпарат беріліп, қойылған сұрақтарға жауап берілді.