«Бір ел – бір кітап – 2018» Республикалық акциясы
Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. 2007 жылдан бері «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша жыл кітабы атанған шығармалар: Абай «Қара сөздер», М. Әуезов «Қилы заман», М.Жұмабаевтың лирикасы, Ж.Молдағалиев «Мен - қазақпын», Ж.Аймауытов «Ақбілек» романы, О.Бөкей шығармалары, Ф.Оңғарсынованың «Дауа» жинағы, С.Мұратбековтың «Жусан исі» және «Басында Үшқараның...» шығармалары, І.Есенберлин «Көшпенділер» трилогиясы, Д.Бабатайұлының шығармалары, С.Торайғыровтың шығармалары.
«Бір ел - бір кітап - 2018» республикалық акциясы аясында қай қазақстандық автордың шығармасын ел болып оқуға ұсынасыз?
Қатысқаныңыз үшін рахмет!