Мәдени шаралар дайджесті. Ақпан.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 1-28 ақпан аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

2 ақпан (жұма)

Жазушы және драматург Берік Қорқытовтың 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Зерделі азамат» тақырыбындағы әңгімеге шақырамыз.

2 қабат, абонемент

 

8 ақпан (бейсенбі)

Абонемент бөлімінде «Жырларым менің - жолдарым» атты кітап көрмесі өтеді. Көрме ақын Ғалым Жайлыбайдың 60 жылдық мерейтойына орайластырылған.

Ғалым Жайлыбай 1958 жылы 9 ақпанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жеңіс ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақтың менеджмент, экономика және болжау институтын әлеуметтанушы мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде, түрлі басылымдарда қызмет атқарған. «Жұлдыз» журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті» газеті Бас редакторының орынбасары, «Қазақ радиосының» Бас редакторы болып қызмет еткен. 2007 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (1999). «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздікке 10 жыл» медальдарымен марапатталған. Қазақ ақындары жыр мүшәйраларының бірнеше мәрте жеңімпазы. Түркияның Сапанша қаласында өткен (2001) халықаралық жыр мерекесінде «Ақшам жұлдызы» арнайы сыйлығын иеленген. Ресей Халықаралық Жазушылар ұйымының С.Есенин атындағы Алтын медалінің иегері (2009).

2 қабат, абонемент бөлімі

 

9 ақпан (жұма) сағ. 16.00

Барлықтарыңызды «Қарашығы қараөлеңге толған қыз» атты поэзия кешіне шақырамыз. Кеш қонағы – «Алтын тобылғы» республикалық байқауының «Туған ел» номинациясының лауреаты, журналистер және жазушылар Одағының мүшесі, көптеген ақындық байқаулардың жеңімпазы, "Алақандағы бақыт", "Мен керекпін", "Аспантаудың көктемі" кітаптарының авторы – Мақпал Мыса. Кеш жүргізуші танымал тележүргізуші – Индира Тоқмурзина.

3 қабат, оқу залы

13 ақпан (сейсенбі) сағ.11.00

Кітапханамызда «Туған жер» бағдарламасының аясында «Парад музыкальных инструментов. Оркестр» шығармашылық кеші ұйымдастырылады. Әсем әуенге ұласқан дыбыстар - адам баласының ғұмыр бойына ерткен серігі. Бұл өзінше бояуы бар адамдардың бір-бірін түсінуге жәрдем беретін музыка тілі. Басқа тілдерді меңгергендей әуен тілін де білу қажет. Кеш қонақтары талантты музыканттар мен өнертанушылар өз өнерлерімен бөлісіп, әсем әуенді дәстүрлі музыка әлемінен әсер қалдырмақ.

Аталмыш іс-шара өнер туралы әдебиеттерді насихаттап, Қазақстанның музыка өнерінің мәдени мұрасын тануға бағытталған. Оқырмандар мен кітапхана қонақтарын шығармашылық кешке шақырамыз.

2 қабат, конференц-зал

 

21 ақпан (сәрсенбі)

Қазақстандық танымал қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Әуезов Мұрат Мұхтарұлының мерейтойына орай, «Әмбебап үйлесімді адам» атты көрме ұсынылады.

2 қабат, абонемент бөлімі

 

22 ақпан (бейсенбі)

Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күніне арналған «Ел тыныштығы – басты міндет» атты кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз.

3 қабат, оқу залы

 

25 ақпан (жексенбі)

2016 жылдан бастап, Қазақстанда Елбасының 2016 жылдың 14 қаңтардағы № 173 Жарлығымен жаңа мереке - Алғыс айту күні бекітілді. Осы құжат арқылы мерекенің ресми атап өту күні – 1 наурыз.

Биыл кітапханада дәстүрлі түрде мерекеге орай «Қазақстан – бақытты өмір бесігі» атты көрме ұйымдастырылады. 

3 қабат, оқу залы

 

27 ақпан (сейсенбі)

«Өлкетанушы» клубының отырысына қатысуға шақырамыз. «Таныс болыңыз: жаңа кітап» атты клуб отырысы әдебиет әлеміндегі жаңалықтарға арналады.

2 қабат, конференц-зал