Биыл қазақтың қоғам қайраткері, аудармашы публицист Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл.

Қазақтың бас адамдары!

Әуелі сіздер адаспаңыздар: адаспас

үшін ақылдасып, ойланып,

ынтымақпен іс етіңдер!

                              А. Байтұрсынұлы

 

          Ахмет Байтұрсынұлы дара тұлға. Ол жастарға үлгі тұтарлық адам деп айтуға болады. Қашанда ұрпақ болашағын ойлады. Еліне еселі еңбек сіңірді.

Егеменді Қазақстанның көркеюін сол жолында кетігін тауып кірпіш болып қалануы керек. Жас ұрпаққа Ахмет Байтұрсыновтың ғұмырын, өмірін олардың еңбегін насихаттап үлгі-өнеге тұтуымыз керек деп ойлаймын.

          20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі Ахмет Байтұрсынов ел мүддесі үшін аянбай еңбек етті. Қазақ халқына бостандық пен теңдік әперу жолында саяси майданға араласты.Талайлы тағдырында қоғам қайраткері жазықсыз жала арқалап бес рет сотталып, екі рет жер аударылды.Ұлы тұлға 1912 жылы Қазақ әліпбиін қолданысқа енгізді.Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салған ғалым «Оқу құралы» қазақша әліппесінің бірінші кітабын жарыққа шығарды. 8 мың тиражбен «Қазақ» газетін оқырман назарына ұсынды..  Халқының азаттығын, елінің тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттілігі жөнінде жан аямаған Ахмет Байтұрсынұлын біздер қалай танимыз:

          Кітапханамыздың мерзімді басылымдар бөлімінде «Тіл және рух» журналының  2012 жылғы №10 санында А. Байтұрсыновтың біріншіден қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, жаңашыл ағартушы туралы толық оқи аласыздар. Ұлттық мүддеге қалай қызмет етті бұны әр қазақ баласы оқуы тиіс. Өзімізге аларымыз, үйренеріміз көп. Бұл біздің тарих.

        Екіншіден, қазақ жазуының реформаторы, ол жасаған жаңа жазу бүгінге дейін қолданыс тауып келеді. Елімізде латын әліпбиіне көшу туралы жарғы шықса да, жаңа әліпбидің кейбір тұсымен келіспейтін дауға байланысты көптеген жауапты «ҚазМУ хабаршысы» журналының халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясынан 2017 жығы №1 басылымынан таныса аласыздар. Ол 1924 жылы маусымның 12-18 күндері аралығында Қазақ АКСР-нің сол кездегі астанасы Орынбор қаласында өткен «Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде» негізгі мәселе білім беру, жазу мәселесі болды. Сол жиында Н. Төреқұлов пен А. Байтұрсынов сияқты екі жақта тұрған алаш  зиялылардың дәлелдемелері мен келсіпеушілік тұстары  туралы ашып  жазылған.

          Үшіншіден, 2002 жылы жарық көрген «Алаш және әдебиет» атты кітапта қазақ әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші, тұңғыш филолог ғалым, қазақ ғылымын алғаш ұйымдастырушылардың бірі А. Байтұрсынұлы туралы оқи аласыздар.

         Төртіншіден, қазақ халқына адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері. Міне қазақ халқының абзал ұлдарының бірі бір емес, екі рет жазғырылып, сталиндік режимнің құрбаны болған. «Ұлттың ұлы ұстазы» деп аталатын кітапты оқуға бәріне кеңес беремін! Кітапханамыздың оқу залында бар.

          А.Байтұрсынұлы өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойғанға ұқсайды: ол әуелі қазақтың ұлттық жазуын (графикасын) жасауды мақсат еткен, бұл үшін араб алфавиті негізіндегі «Байтұрсынұлы жазуы» дүниеге келген, екінші, сол жазумен сауат аштыруды ойлаған, бұл үшін «Оқу құралы» атты оқулығын жазған. Одан соң қазақ тілінің грамматикалық құрылысын ана тілінде талдап беру мақсатын қойған, мұны орындау үшін «Тіл – құралы» кітабын жазған, төртінші, тілді дұрыс қолдана білу тәртібін көрсетуді көздеген, бұл үшін «Тіл жұмсарды» кітабын ұсынған, бесінші, сауат аштыру, қазақ тілін оқыту әдістемесін жасауды міндетіне алған, бұл үшін «Баяншы» мен «Әліп-би астарын» жазған. Міне, бұлар – Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін зерттеудегі және оқу-ағарту майданындағы істеген істері мен жасаған еңбектері, осы салалардағы орнын көрсететін үлесі, Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың ұлттық білім-ғылымының көшбастары дегізетін тарихи мұра. Бұл тақырыпты 2005 жылы жарық көрген «Ахметтану бастамалары» атты оқу-әдістемелік құралдан таныса аласыздар.  Филологиялық ілімді оқып-үйренудің бір парасы. Бұл оқу құрал Ахметтану іліміне ден қойған студенттерге, ізденушілер мен мұғалім, оқушыларға арналады. «Мысль» журналының 2016 жылғы №1 санында «Интелектуальное достояние Ахмета Байтурсынова» аты материалды оқысаңыздар, А.Байтұрсынұлы мектепте ана тілінде оқыту қажеттігіне ерекше ден қойғандығы, мектепте ана тілінде оқыту үшін алдымен қазақша жазу таңбаларын, яғни алфавитін жасап шыққандығы, содан соң балаларға осы таңбаларды танытып, сауатын ашатын әліппеден бастап, сол тілді пән ретінде үйрететін грамматика оқулықтарын жазу керек болғандығы толық ашып жазылған. Өте қызықты. Біз білмейтін біраз дүниелер бар. Оқуға кеңес беремін!       

Мерзімді басылымдар секторы, кітапханашы Күлмағамбетова Гүлжазира