Қыстан кейінгі әлем

Қыстан кейінгі әлемді тамашалауды күтіп жүрген адамдар қаншама. Бәрі де бір жылылықты, бір шуақты сағынғандай. Жүректерін пәк сезімдерге бөлейтін, өміріне әдемі өзгерістер әкелетін шұғылалы көктемге асығуда. Менің де көктеммен қауышқым келгені соншалық, өлеңмен өрілген жырымды жазбай тұра алмадым:

Бұл көктем жолдап бір сәлемін,

Кешігіп келерін ескертіп.

Қыстан соң ғажайып әлемім,

Бәрін де кетсе ғой өзгертіп.

 

Тағы да жауратып жанымды,

Сұп-суық жел есті, ызғырық.

Көктемді сағындым жалынды,

Қызуға жетпейтін жүз қырық.

 

Қыспен де қоштасып кетермін,

Түрі жоқ болса да қайтатын.

Көктемге асықпай жетермін,

Сырым бар тек оған айтатын.

 

Жүрегім қобалжып, атойлар,

Келместей көктемім оралып.

Мазалап күніге жат ойлар,

Санам да қалардай тоналып.

 

Үмітпен қараймын жолына,

Көктемнің биылғы келетін.

Бақыттың ақ құсын қолыма,

Секілді әкеліп беретін.

Мөлдір Ілімбай, Ақпаратты-сервисті қызмет көрсету секторы