Көктемнің алғашқы жайма шуақ наурыз айының 27-ші жұлдызында өнер әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері жыл сайынғы дәстүрімен Қарағанды гуманитарлық колледжінің студенттерімен кездесті. Осы жылғы өткізілген кезекті отырысында «Ақпараттық арт-портал: Наурыз – «Киіз үй – музей және ошақ» тақырыбы бойынша студенттер өнерге деген, қазақ мәдениетіне деген өз ойларымен бөлісті.
Кездесу барысында жастардың ұлттық құндылықтармызға қатысты қызығушылықтары сұрақ қоюларынан байқалды. Әсіресе, С. Ахметов, Р. Жақсылықова есімді студенттердің сұрақтары көңілге қонымды болды. Неге біз дамыған заманда киіз үй, ошақ пайдаланамыз? Аталмыш жәдігерлерімізді неліктен мұражайдан ғана кездестіреміз? Т.б. көптеген сауалдарын қоя отырып пікір таласқа түсті.
Студенттер назарына тарихымыздан дәстүр, ата-бабамыздан салт болып келе жатқан Ұлы мейрамымыз – Наурыз туралы әдеби басылымдар ұсынылды. Наурыз мейрамына қатысты танымдық материалдар, ұлттық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, ұлттық ойын түрлері мен тағамдар дайындау тәсілдері жөнінде мол мағлұматтар берілді.
Кітапханамыздың өнер әдебиеттер бөлімінде бар Наурыз тойын жоғары дәрежеде ұйымдастырып өткізу үшін таптырмас көмекші құрал әлемге аты мәжһүр шығыс шайырларының бірі Омар Һайамның «Наурызнама» атты еңбегі және Б. Бекжановтың «Армысың, әз – Наурыз!» кітаптары ұсынылды. Бұл еңбектерде халқымыздың ұлттық мерекесі наурыздың шығу тарихы, жыл басы, жыл қайыру, жыл, ай аттары тәрізді ұлттық құндылықтар, Наурызға байланысты діни-танымдық қағидалар, түрлі қызықты материалдар енгізілген.
Сонымен қатар С. Қрықбаеваның «Халықтық көркемөнер шығармашылығы», С. Ерғалидың «Наурыз: жаңа жылдық ұлттық думан», А. Омаровтың «Наурыз», «Наурыз тойы» кітаптар мен «Музыка әлемінде», «Мәдениет» т. б. мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар таныстырылды.
Студенттер берілген ақпараттардан алған әсерлерін ортаға салып, ой бөлісті. Қызығушылық танытып, көкейлерінде туындаған сұрақтарын қойды. Тақырып бойынша қойылған сұрақтарға тиянақты жауап беріп, өз белсенділіктерін көрсете білді.
Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің қызметкері Құдайберген А. Е.