«Гоголевка» блогының оқырмандары, сіздерге «Ұлы Дала Елі» айдарының кезекті тақырыбы «Мәдени мұра» жайында ақпарат ұсынып отырмын.
Аумағы жағынан әлемдегі алғашқы ондыққа кіретін қазақ жері ежелден сан түрлі мәдениеттің тоғысқан орны болды. Мұнда көшпенділік пен отырықшылық өзара араласып жатты. Көшпелі өмір салтын бастан кешкен қазақ халқы сол заманнан табиғатпен етене араласып, өзіндік қыр-сырын. Оған куә қазақ жеріндегі тарихи, рухани мұраларымыз.
Тарихи-мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері. Әр халықтың қалыптасу, даму жолында өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл тарихи құндылықтарды зерделеп жарыққа шығару қай мемлекетте болмасын маңызды мәселелердің біріне айналған.
2003 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» бағдарламасын ұсынды. Бұл бағдарлама аса ауқымды жоба ретінде ұлттық мәдениеттің дамуында ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, археологиялық зерттеулерді, қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстарды, сондай-ақ ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыруды, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құруды мақсат еткен бірқатар бағыттардан құралған.
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында елімізде жарық көрген «Бабалар сөзі», «Әлемдік әдебиеттану», «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының философиялық мұрасы», «Әлемдік философиялық мұра», «Қазақ хандығының тарихы мен мәдениеті жөніндегі Қытай мұрағаттарының құжаттары» сияқты бірқатар еңбектер біздің кітапхана қорында сақтаулы.
Болашаққа рухани құндылық болып таралатын бұл тақырып бойынша кеңінен сараланып жазылған кітаптар топтамасы оқу залдары бөлімінде көп. Яғни, әр өңірдегі қасиетті мекендер, тарихи ескерткіштер, киелі орындар, кесенелер, жалпы рухани құндылықтарымызды таныстыратын төмендегі кітаптар тізімін ұсынамын:
- Құлманова, З. Тастағы Тараз тарихы. – Алматы: Аспантау, 2017. – 480 б.
- Ілиясова, Р. Шежірелі Ақтөбе. – Алматы: Аспантау, 2017. – 752 б.
- Ахметбек, Б. Сыр ескерткіштері: - Алматы: Аспантау, 2017. – 304 б.
- Тасполатов; Б. Басында Қазығұрттың кеме қалған. Алматы: Аспантау, 2017. – 304 б.
- Шоқай, Е. Отырар алқабындағы қасиетті орындар. Алматы: Аспантау, 2017. – 560 б. Сартқожаұлы, Қ. Тас кітаптың құпиясы. – Астана, 2017. – 383 б.
- Сартқожаұлы, Қ. Тас кітаптың құпиясы. – Астана, 2017. – 383 б.
Бұл тарихи-мәдени мұралар көне тарихтың куәсі, өткенімізден сыр шертіп, бүгінгі күнге дейін сақталынып жетіп отырған ескерткіштерді қорғау мен сақтау, оларды насихаттау әрбір азаматтың еліне, туған жеріне деген жанашырлығы, мәдени мұраларға деген қамқорлығы болмақ.
Серікжанова А., сектор басшысы