Қарлаг 1931 жылы 9 желтоқсанда Долинка ауылында ашылып, 1959 жылы жабылған. Қарағанды қаласынан оңтүстікке қарай 25 шақырым қашықтықта орналасқан лагерьде жас балалардан бастап, қарттарға дейін, сталиндік қуғын-сүргіннің мыңдаған құрбаны азап көрген.
Интернет деректеріне көз жүгіртсек, Қарлаг империясының құрамында 19 бөлімше, 106 малшаруашылық фермасы, 10егістік учаскесі, кірпіш зауыты,кен орындары болған, тек 1940 жылға дейін бұл жерлерде 37 мың тұтқын, 8 мың жалдамалы ерікті еңбек еткен.
Ұзыны мен көлденеңінен тікенек сымдармен шырмалған Қарлагтың аумағы қазіргі Францияның аумағымен пара-пар екен. Кезінде Қарлаг «мемлекет ішіндегі мемлекет» аталған. Ішіндегі халықтың бәрі қара жұмысқа жегілді, азаптан көз жұмды.
Небір дарын иелері мен ұлт зиялыларының соңғы мекені бүгінде мұражайға айналған. Ескерткіштер орнатылып, кітаптар, зерттеу еңбектер жазылды. Тарихы әлі де зерттелу үстінде. Біздің ендігі жердегі борышымыз-осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау.
Абонемент бөлімінің кітапханашысы Ахмадиева А.С.