Достық қарым-қатынас сонау ерте замандардан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім. Қазақтың достық – отансүйгіштік тәрбиесі - тереңнен тамырын тартқан , халқымыздың сан ғасырлық болмысының, дүниетаным – көзқарасының, ақыл – ойы мен салт – дәстүр мәдениетінің көрінісі. Осыларды бойға дарытпай тұрып келер ұрпақты патриоттық-отан сүйгіштік тәрбиеге лайықты қалыптасты-рып, кіндік кескен жерін қорғайтын және осы мақсат жолында бар күш жігерін жұмсайтын отаншыл азаматтарды тәрбиелеу мүмкін емес.
Достық – адамдардың бір – біріне адал ,қалтықсыз сеніп, бір мүдделі , ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық – өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.
Ұлы хакім Абайға жүгінсек «достық» сезімін құдай берген «көннің бірі» деп, оны адамға жаратылыстан туа біткен қасиет, қабілет санайды. Абай «сол жүректен жылылық достықпенен бұлақша ағып, ғаламға тарамақшы» деп түсіндірген. «Әр жүрек, бар жүрек бір соғады - достық аңсап».
Дос болу - қазақтың адамдық, азаматтық құқығын қорғау. Онсыз басқа істің бәрі де бос әурешілік. Еліне, жеріне, ақыл – есіне, намысына ие болу ниетімен үйрену. Абай сөзі - қазақтың қазақты жақсы көру үлгісі. Қазақтық қазаққа дос болуы - қазақтың өзін тануы деп біледі ұлы ойшыл.
Өскелең ұрпақ бойында халықтар достығы сезімін тәрбиелеуде мемлекеттік тіл мен қазақ халқының мәдениеті жетекші қызмет атқаруы тиіс.Халықтар дос-тығы сезімін тәрбиелеудің басты бағытына қазақстандық отансүйгіштікті қалып-тастыру мен рухани бірлік, халықтар достығы, ұлтаралық татулық идеяларын насихаттау жатады.
Қазақстанды мекендейтін ұлттардың бірлікте, ынтымақта бейбіт қатар өмір сүруінің басты кепілі – достықта, татулықта. Қазақстанда тұратын көп ұлттың өнері мен салт – дәстүрін таныту арқылы ел тыныштығы, ұлттар арасындағы достық пен татулықта екендігі баршамызға аян Жыр алыбы Жамбылдың : «Жігерлі болса, ер болар, бірлікте болса, ел болар» деген даналық сөзі, шынды-ғында , ел бірлігі болмаса , онда әлеуметтік – экономикалық өркендеп даму тұрмақ, тәуелсіздік пен тұғырлылық туралы сөз айтудың өзі артық болар еді. Хал-қымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы ,басқа халықтармен одақтасып, достаса білуі жеңістен – жеңіске жеткізеді. Оған халық куә, тарих куә.
Құрметті оқырман! Ұлттар арасындағы достық,татулық жайлы мақалаларды кітапхананың мерзімді басылымдар секторындағы республикалық «Достық-Дружба», «Мәдени мұра», «Дарабоз», «Мирас» журналдары мен «Егемен Қазақстан», «Орталық Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» т.б. газеттерден таныса аласыздар.
Мерзімді басылымдар секторы кітапханашы Айтбаева К.Т.