Мәдени шаралар дайджесті. Тамыз.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 1-31 тамыз аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

1 тамыз (сәрсенбі) сағ. 10.00, 11.00 .

Кітапхананың жас оқырмандарын «Жыландар аралы» және «Өз өзіңе режиссер» атты шығармашылық алаңдарына шақырамыз. 

2 қабат,  конференц залы

 

15 тамыз (сәрсенбі)

Ақын, Мемлекеттік сыйлық иегері Ғ.Қайырбековтың 90-жылдық мерейтойына арналған «Талантқа тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.

2 қабат, абонемент бөлімі

 

15 тамыз (сәрсенбі) сағ.10.00, 11.00

«Кітапханадағы жаз» акциясының аясында сіздерді «Сирек және құнды кітаптар еліне саяхат» және «Астана - менің Елордам» атты шығармашылық алаңдарға шақырамыз.

2 қабат, конференц залы

 

20 тамыз (дүйсенбі)

Абонемент бөлімі ағылшын жазушысы, ақын, Бронте үш апалы-сіңілінің ортаншысы Эмили Бронтенің 200 жылдығына арналған «Эта загадочная англичанка» атты кітап көрмесіне шақырады.

2 қабат, абонемент бөлімі

 

20 тамыз (дүйсенбі)

Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай, «Ата Заң – ұлттың негізгі заңы» атты кітап көрмесі ұсынылады.

1 қабат, оқу залы

 

22 тамыз (сәрсенбі)

Кеншілер күніне арналған «Слава шахтерскому труду» атты кітап көрмесіне шақырамыз.

1 қабат, өлкетану бөлімі

 

26 тамыз (жексенбі)

Ағылшын тілінде өтетін «Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің және қоғамның әлеуметтік жаңғыруының негізі» атты дөңгелек үстелге шақырамыз. Іс-шарада еліміздің Негізгі Заңының даму кезеңдері талқыланады.

2 қабат, конференц залы

 

29 тамыз (сәрсенбі)

«Q әрпі – жаңаруға жол баста!» атты флешмобқа қатысу үшін барлық еріктілерді шақырамыз. Флешмоб – кең көлемді мерекенің бір бөлігіне айналатын және қала тарихына өз үлесіңізді қоса алатын мүмкіндік. Достарыңызбен бірге келіңіз!

Орталық саябақ, сағ 15.00-те