Қаламгерлер хоббиі

Жұртшылыққа  «Жарық дүние», «Дүние кезек», «Құдірет – кие», «Шатыр астындағы күн» атты кітаптарымен , әсіресе, «Мәңгілік бала бейне» пьесасымен танымал драматург – жазушы Роза Мұқанова жайлы айсам деймін.

Көкірегін сыздатқан дүниелерді ақ қағаз бетіне түсіріп , тұрмысқа шығып, өзі сияқты жазуды серік еткен Әкім Таразидай жанның қыбын тауып, екеулеп Арыстан мен Аруза сынды ұрпақ тәрбиелеп отырған жазушы – ананың хоббиі –қылқобыз тарту екен. Оның айтуынша студент кезінде ҚазМУ оркестрінің қобызшысы болған.«Қобыз тыңдаушыны шаршатпайды, оған о бастан жалғыздық, тереңдік тән. Қобызшы адам ешқашан жеңілтек, ұшқалақ бола алмайды. Үнемі мағыналы, үйлесімді өмірге ұмтылып жүреді», - деген. Тұрмысқа шыққан соң бірталай уақыт бала көтере алмай жүрген екен. Отбасымен жақын араласып жүретін  дарынды режиссер Сатыбалды Нарымбетов : «Роза, сіз секілді  ақжарқын адамға қобыз аса жараспайтындай, қобыз үнінде аза, қасірет жатады ғой.Сондықтан біраз уақытқа аспабыңызды орап, тыға тұрыңызшы»,- депті. Шынында да ,сол ақылды тыңдаған соң көп ұзамай тұңғыш ұлы Алпамыс өмірге кепті. Бұл да қобыздың ерекше бір қасиеті шығар. «Кейде жазуға қол жүрмеген сәттерде, жалғыз қалған шақтарда тартқан қобыз маған ой сыйлайды,рух береді», - дейді екен жазушы апамыз.

Абонемент бөлімінің кітапханашысы Ахмадиева Алмагүл